Лондондағы сән апталық өз мәресіне жетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемнің ең стильді сұлуларының басын қосқан Лондондағы фэшн уик өз мәресіне жетті! Сән апталығының соңғы күні ді қызықтарға толы болды. Мәселен, JW Anderson брендінің кей үлгілері ғаламторда мемға айналып жатыр!

Көптің талқысына түскен дәл осы гипероверсайз жағалар! Сән үйі биылғы тренд – көлемді киімдер дейді. Сондықтан да, су жаңа топтамада мейлі ол пәлте болсын, мейлі ол көйлек болсын үлгілердің басым бөлігі үлкен пішімде. Ал, кезекті коллекцияның шымылдығын түру – Кайя Герберге сеніп таспсырылған еді.

Голливуд сылқымдарының сүйікті сән үйіне айналған Erdem де, ең соңғы болып коллекциясын ұсынуды жөн көрген. Дизайнер бұл жолы да талғаммен тігілген үлгілерімен таңқалта білді. Сондай-ақ, топтамада кешкі көйлектер ғана емес, күнделікті өмірге арналған киімдер де жетерлік.

Еске салсақ, Erdem сән үйі Кейт Бланшетт, Эмма Уотсон, Кира Найтли, Эмма Стоун, Джулиана Мур бастаған голливуд жұлдыздары арасында үлкен сұранысқа ие.