«BTS» сахнаға қайта оралмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

K-pop әлемінің жарық жұлдыздары «BTS» тобы біраз үзілістен кейін, сахнаға қайта оралмақ! Әйгілі корейлік бойзбенд бірер күннен кейін тыңдарманға ұсынылатын альбомының тректер тізімін көрсетті.

Көптен күткен «Map of the Soul:7» атты үнтаспаға басы-қасы 20 ән енген-ді. Мемберлердің бұл еңбегінде америкалық өнерпаз Sia-мен де каллоборация бар көрінеді. Шетелдік әріптестерімен ортақ туынды жазуды әдетке айналдырған «Bangtan Boys», арми үшін осындай тосын сый әзірлесе керек.

«BTS» тобы:

- Бұл жолы әрбір трек ерекше болады. Олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан күтіңіздер!

«BTS»-тің төртінші жинағы әлі жарық көрмесе де, тыңдарман тарапынан қызығушылық көп болса керек. Бүгінде су жаңа альбомға деген алдын-ала тапсырыс 4 млн данаға дейін жеткен-ді.

Ұжым тарихында рекорд жаңартқан мемберлердің еңбегі корей тілінде. Әлемді өздеріне қаратқан жігіттер өзге тілде ән шырқаудан бас тартып отыр.

«BTS» тобы:

- Ия мүмкін біз ағылшын тілін қосамыз. Бірақ тректердің басым бөлігі тек корей тілінде. Бұл біздің ұстанымымыз десем де болады. Өзіміздің тілімізді таныту, біздің міндетіміз.

«BTS» шетелдік армиді ұмыт қалдырмақ емес. Жігіттер жуырда тағы да әлемдік турнеге аттанбақ. Тіпті топ танымал әнші Ариане Грандемен де ортақ туынды ұсынып қалуымыз әбден мүмкін дейді.

«BTS» тобы:

- Біз Арианамен дуэт жазуды қалаймыз. Оның музыкасы сапалы, әрі көпшіліктің талғамына сай. Егер сәті туып жатса каллоборация орнатудан бас тартпас едік. Бұл бомба болары сөзсіз.

Ал аты жер жаһанға танылған өнерпаздардың су жаңа альбомы 21-ші ақпанда жарық көрмек.