Скарлетт Йоханссон басынан өткен машақаты көп махаббат оқиғасын баяндап Батыстық БАҚ-қа сұқбат берді! Актриса экс-күйеуімен ажырасып, күйзелісте жүргенде, Америкалық шоулардың біріне қонақ болып барыпты. Сол жерде қазіргі ғашығы, сценарист Колин Жостпен танысқан. Содан бері Скарлетт өзінің бақытты екенін айтады. Колинмен жоспарлаған тойлары көп ұзамай болатынын жасырмады.
Кендалл Дженнер, Белла Хадид пен Джастин Скай Нью-Йорк көшелерінде серуен құрып жүрген сәтінде папарацци көзіне ілікті. Опа-далапсыз, қарапайым киімде дүкен аралаған олар жұрттың назарына түсті. Сәнбикелер саудаларын жасап болған соң, көшедегі дәмханалардың бірінен түскі ас ішкен.
Елуді еңсерсе де Дженнифер Лопес елді таңғалдыруын қояр емес! Күні кеше желіге жартылай жалаңаш фотосын жүктеген әнші, мақтау сөздің астында қалды. Ақ бикинимен түскен суреттегі мінсіз мүсіні біраз ерлер қауымын естен тандырса керек, «Сұлусың! Періштенің нақ өзі!» сынды қолпаш сөздерді қарша боратқан. Джей Ло болса, бұл спорттың арқасында жеткен жетістігі екенін айтады.