Жеке кеш беріп, концерт өтізуді әншілер қауымы қажет деп санай ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеке кешін өткізіп, ел алдында есеп беру өнерде жүрген кез-келген әншінің арманы. Бұл сөзбен Халық әртісінің ұлы Әли Оқапов та келіседі. Әр кешінде шоу мен биге баса назар аударатын ол, жұрттың көңілінен шығу үшін жан аямай жұмыс істейтінін жеткізді.

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:

– Негізі үлкен халық әртістері, мәдениет қайраткерлері мен халықтың алдында есеп беруім керек деп айтып жатады. Қаншалықты сол маңызды. Өнер адамдарына есеп беріп тұру керек пе?

Әли Оқапов, әнші:

- Міндетті түрде. Себебі, қабылдайтын комиссия ол халық. * Сондықтан оның алдында есеп бермесең, кімнің алдында есеп бересің дегендей.

Ал өткен жылы ғана жеке кешін дүркіретіп өткізген Әлішер Кәрімов «Әр концерттен тыңдарман тынығып кетуі керек және ол үшін жанды дауыста шырқауға міндеттіміз» дейді. Қала берді әнші тыңдарман көңілінен шығу үшін, қалтасын жұқартуға да дайын.

Әлішер Кәрімов, әнші:

- Әне ілініп тұр, киімдерімнің барлығы Дольче Габбанадан. Үш лук дейміз ғой, үш выходқа. Иә, неден аяқкиімнен бастап бабочкаға дейін. Иә барлығы Дольче Габана.

Қымбат шоу жасап, әйгілі брендтен киім кимесе де, ел Марселді ерекше дауысты әншілердің қатарына әлдеқашан кіргізіп қойған. Өткен жылдың күзінде жеке шығармашылық кешін бергеннен кейін оны «Фирмач» дейтіндердің қарасы көбейіпті. Бірақ бұған әншінің өз айтары бар.

Марсель Әлсейітов, әнші:

- Фирмач, как мне нравится это слово! Енді бәріміз фирмач, фирмач дейміз. Ол музыкалық жаргонда. Откуда появился в народе я не знаю, но фирмач деп біз Американың жұлдыздарын ойлаймыз.

Ел алдында есеп беруді жақсы көретін әншілердің қатарында әр әнін жанды дауыста орындайтын Роза Рымбаева, шоу мен ерек дуэттерді жаны сүйетін Қайрат Нұртас және Айқын сынды өнерпаздар бар.