Джокердің ғашығы үлкен экрандарда! Харли Квинн жайлы фильм отандық прокатта көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен уик-эндте отандық киномандар таласа тамашалған фильмдер тізімі анықталды! Үздік картиналар арасында кассалық табысымен топ жарған – «Харли Квин» лентасы.

«Ticketon.kz» сайтының мәліметінше «Харли Квин» айналымдағы алғашқы аптада 65 млн теңге қаржыға кенелген. Еске салсақ, картина Джокердің ғашығы ретінде танылған комикс кейіпкеріне арналған алғашқы толықметрлі туынды.

Марго Робби басты рөлді сомдаған картина бұзық қыздар жасағының хикаялары туралы баяндайды. Фильм сюжеті Харли Квиннің ғашығы Джокермен қарым-қатынасын үзген сәттен басталады. Сүйіктісінен айрылған бикеш енді Готэм қалашығының қылмыскерлерін жазаламақ.

Голливудтық актерларды фильміне түсірген Нұрлан Қоянбаев екінші сатыда. Продюсердің «My love is Aisulu» романтикалық комедиясы бұл аптада 58 млн теңгеден астам кіріс көрді.

Еске салсақ, фильмдегі басты рөл Әсел Сағатоваға бұйырған еді. Үлкен экрандарға қайта оралған актриса Қоянбаевтың ғашығын сомдайды.

Ал араға 17 жыл салып көрерменімен қайта қауышқан «Bad Boys» үздік үштікті түйіндейді. 29 млн. теңге пайда тапқан лента әдеттегідей Уилл Смит пен Мартин Лоуренстің сомдауындағы бұзық жігіттердің бастан кешкен хикаясын баяндайды.