Ермек Тұрсынов, режиссер:
- Мен кастинг басталғанда ең басты нәрсе, осы. Сен біздің киноларға қатыстың ба, арзан киноларға түстің ба? Былғанып қалдың ба? Онда маған өте алмайсың.
Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:
- Арзанқол комедияларда түскен әртістер «былғанған!» Міне осындай мәлімдеме жасаған белгілі режиссер Ермек Тұрсынов комедиялық фильмдерге түскен актерлар «менің туындыларыма шақырту алмайды» деп отыр. Осыған қатысты басқа да киногерлер не айтады екен? Бірге білейк...
Мәселен, Тұрсыновтың бұл пікірімен әріптесі Әділхан Ержанов келіспейді. Киногер талай туындысына комедияда бой көрсеткен актерларды түсірген-ді. Мәселен, Ержановтың «Қап-қара адам» және «Бой Атбая» картиналарында Данияр Алшынов басты рөлді сомдайды.
Әділхан Ержанов, режиссер:
- Актерларды қалай қабылдайсыз өзіңіз? Қалай таңдайсыз? Қандай шарттарыңыз ба?
- Шынымды айтсам менің жобаларым ауқымды емес, сондықтан үлкен кастинг жасамаймын. Кейіпкерлерімнің образдарын шығара алатын актерды өзім іздеймін.
- Ермек Тұрсынов сіздің әріптесіңіз режиссер соңғы сұхбатында комедияға түскен актерларды «бүлінген» дейді, «бұзылған» дейді.
- Сөзінің жаны бар. Бірақ менің көзқарасым өзгеше. Мәселен Данияр Алшынов көптеген комедияларға түскен. Бірақ мен ол фильмдерді көрген жоқпын. Тек Данияр драмалық образды сомдаған «Районыды» көрдім. Меніңше, ол актер ретінде барлық жанрды қамти алады.
Данияр Алшынов та, Ермек Тұрсыновтың пікіріне қарсы. Шығармашылығын комедиядан бастаған ол «біліктілікті арттыру үшін, актер өзін әр жанрда сынап көру керек» деген ұстанымда. Еске салсақ, Алшынов, Әсел Сәдуақасованың «Келинка тоже человек», «Больше чем кино», «Все из-за мужиков» сынды туындыларда төбе көрсеткен.
Данияр Алшынов, актер:
- Сондықтан, Ермек Тұрсыновтың фильмдеріне Роберт Паттинсон мен Адам Сэндлер ешқашан түспейді. Себебі, ол актерлардың барлығы комедия жанрынан бастаған.
Отандық картиналардың бір емес бірнеушеуінде бой көрсеткен Динара Бақтыбаева, әр режиссердің өз талғамы барын алға тартады. Дегенмен, актриса Тұрсынов мырзаның комедия жанрын кемсітіп, төмендетуіне қарсы.
Динара Бақтыбаева, актриса:
- Сенің ойыңша комедияны басқа жанрлардан былай ысырып шеттетіп қоюға болады ма сонда?
- Жоқ, неге комедия жанрын бөліп жара береді? Мүмкін кинонарықта тым көп болғаны үшін шығар. Егер көрерменнің қалауы болса, неге түсірмеске.
Тәуекел Мүсілім болса, сыни көзқарас білдірген Ермек Тұрсыновты қолдап қана қоймай, оның туындыларына түсу арманы екенін айтып қалды.
Тәуекел Мүсілім, актер:
- Сен өзің атақты әйгілі Ермек Тұрсыновтың фильміне түскің келер ме еді?
-Енді әрине ондай белді мықты режиссердың киносына, туындысына түскім келеді. Шақырып жатса мен одан бас тартпаймын. Міндетті түрде өз бағымды сынап көрем.