Әкенің жақындығы жездедей-ақ деп жатады. Ал әнсапар мен түсірілімдерден қолы босамайтын жұлдызды әкелер балаларының тәрбиесіне қаншалықты ат салысады? Мәселен, актер әрі әзілкеш Марат Әлібаев кестетігерінің әр қылығына тоймайтын әке. Оның пікірінше, ұл баланы тәрбиелеу қызға қарағанда анағұрлым оңайырақ.
Марат Әлібаев, актер:
- Өйткені қызбаланы өте қиындау былайша айтқанда балаға қарағанда. Балаға былай айқайлап, дауыс көтеріп айта аласың. Ал қызға кейбір кездері болады байқамай дауыс көтеріп қалған кез, көңіліне алып қалғанын байқайсың. Сонан соң кешір кешір деп...
Соған қарамастан, әке мен баланың қарым-қатынасы керемет. Тіпті КВН ойыншысы «тұңғышым өзімнен өткен қалжыңбас»,- дейді.
Марат Әлібаев, актер:
- Кішкене қызуы көтеріліп, температурить етіп ауырып қалды. Танертең бетінен сүйіп «мә, қызым ыстығың бар ғой, температура у тебя есть» десем, «ну я же только что с микроволновки»,- дейді ғой.
Ал төрт балалы Айқын болса, тұңғышының сабағын жіті бақылауында ұстауға тырысады. «Ұлдарыма қаталмын» деген өнерпаз, атұстарын жылатып қойған кездері болғанын да мойындайды.
Айқын Төлепберген, әнші:
- Менің нервым жұқалау да, мен кішкене түсіндіріп жатқан нәрсеге түсінбей жатса, мен ұрсып жіберем. Ол жылайды содан кейін.
Осы орайда, Аңсар Айқынұлын да сөзге тарттық. “Тик-ток” әлеуметтік желісінің кішкентай жұлдызы микрофоннан еш сескенбеді.
Аңсар Айқынұлы, Айқынның ұлы:
- Телефондан старс, ютуб, тик ток. Санжармен ойнаған ұнай ма, ол кешке дейін нервымды ұстатады. Ол Асылым екеуі төбелеседі. Тағы да қарындасым, бірдеңе дұрыс істемесем сразу жылайды қарындасым. Ұрыспаңдар, а то көтеннен ұрам деймін.
«Азиялық» Ербол Шәріптің еркесі де, серкесі де осы жігіт. Әншінің пікірінше, баланы тәрбиелеу үшін ешқандай да арнайы білімнің қажеті жоқ. «Ерсұлтанның тәрбиесімен өзім айналысамын»,- дейді өнерпаз.
Ербол Шәріпов, «АЗИЯ» тобының әншісі:
- Ол үшін кітап оқудың керегі жоқ. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дейді. Сол ата-анамыздың берген тәрбиесін баламызға береміз тырысамыз, менің ойымша, мен мұғалімнің баласымын. Тәрбием құдайға шүкір, жақсы тәрбиеленгенмін деп ойлаймын.