«Өмір өзегімнен көп тепті! Бәрін жаңадан бастаймын». Бұл Селена Гоместың күні кеше Батыстық БАҚ-қа берген сұқбатынан үзінді. Енді әнші косметика желісін шығаруды қолға алмақ. Сылқым бизнес-леди атанып, жұмысқа баспен кіріп кеткісі келетінін де тілге тиек еткен. Жазда нарыққа шығатын сұлулық бұйымдарына Селена «Өзіңді қабылдау» деп атау қойған.
Кендалл Дженнердің, бұрынғы жігіті боскетболшы Бен Симмонмен демалып жатқаны объектив көздеріне түсіп қалған. Екі жыл бұрын көңіл жарастырған оларды жұрт әлдеқашан екі жаққа жіберіп үлгерген-ді. Бірақ жағажайдағы суреттер басқа сөйлейді.
Жұлдызды жұптың жайдары жүздеріне қарап жанкүйерлері жүрекжарды тілектерін білдіріп, бақыт тілеуде.
Меган Фокстың 7 жасар ұлы Ноа, балалар мерекесіне қыздардың көйлегін киіп барған. Әкесі Брайн Остин ұлының бұл қылығына қанша жерден қарсы болса да, Меганның өзі оны құптайтын болып шықты. 4 жасынан бері әшекей-бұйымға әуес Ноа мектепке де солай киініп талай мазақ болған екен.