Өмірінің аз-кем бөлігінде Димаш Құдайберген секілді бүкіл әлемге қазақтың атын әйгі етіп жүрген жастар жетерлік. Мәселен, 20 жасар шахматшы Жансая Әбдімәлік, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева, ТМД-ны тамсандырған әнші Сей Мо, волейболшы сұлу Сабина Алтынбекова. Енді бұл тізімге 21 жастағы вундеркинд – Рахат-би де қосылды.
Қазақстан Республикасының «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» Ұлттық жобасының жеңімпазы, Рахат-Би Абдысаған өз заманының теңдессіз жоғары білімді музыканты.
Рахат-би Абдысагин, композитор:
– Негізінде менде 2 опера және 100-ден астам камералық және симфониялық шығармалар бар.
21 жасына дейін талай жетістікке жеткен бозбала заманауи музыканы басқаша түсінеді екен. Ол тіпті Скриптонит, Назима, Джах Кхалиб , «Ninety one» сынды бүгінгі күннің танымалдарын танымайтын болып шықты. «Деңгейлеріміз басқаша» дейді. Бірақ жаһандық жақсылардың көпшілігін жіпке тізгендей айтып берді.
– Бізде осы заманауи музыкамен айналысатын 5 композитор бар. Ол Германияда тұратын: Жамиля Жазылбекова және Айгерім Сейілова, Австрияда тұратын Сергей Ким. Қазақстандағы Санжар Бәйтереков және мен ваш покорный слуга.
Композитор және пианист, өнертану ғылымдарының магистрі, 100-ден астам классикалық музыкалық туындылардың, сондай-ақ екі операның авторы –Рахат-Би Абдысагиннің «Мәңгіліктің тамшысы» атты жеке шығармашылық кеші, күні кеше Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.
Рахат-би Абдысагин, композитор:
– Негізінде бұл заманауи академиялық музыканың осы қаладағы бірінші орындалуы. Бұл музыка түрі, бұл стиль негізінде қазір ең дамып жатқан мемлекеттердің, композиторлардың айналысып жатқан дүниесі. Өмірдің көзі ол – шабыттың көзі.
Рахат-би «қанша жерден қабілетті болсам да, кемшіліктерім бар. Кейде әкемнен сөз естіп қалып жатамын» дейді.
Рахат-би Абдысагин, композитор:
–Кейде әкем ұрсады таңертең таңғы алтыдан тұрып, рояль ойнай бастайсың ұйқы бермейсің деп. Кейде түнде тұрып музыка жазасың, опять ұйқы бермейсің деп. Сондай болады.
Абдысагинның авторлық концертіне жеті симфониялық, төл шығармасы іріктеліп алынған. Тұжырымдамаларының ауқымы мен тереңдігі тағдырды барынша толық бейнелейді. Кештің көрермен көңілінен шыққанын тоқтаусыз соғылған шапалақтардан аңғаруға болады.