Q-poр енді трендте емес! «EQ» тобы нью-скул әншілер өздерін басып озғанын мойындады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы уақытта кью-поп бағытының бәсеңдей түскені байқалады. Есесіне, желі арқылы танылған нью-скул әншілердің дәуірі жүріп тұр. Бұған дәлел, музыкалық чарттардан Mdee, The Limba, Abdr сынды өнерпаздардың көш бастауы. Бұл құбылысты кью-поп орындаушылардың өзі де байқағандай.

«Crystalz» тобы:

- Дами берсін, iТunes-ке шыға берсін. Негізі көзқарасымыз өте керемет. Өйткені олар дамып жатыр. Олар Қазақстанды көрсетіп жатыр және қазақстандағы музыканы көтеріп жатыр. Яғни, музыканың деңгейін көрсетіп жатыр, ол өте керемет.

Тіпті, «Crystalz» тобының өзі де желі жұлдыздарының жанкүйерлері болып шықты. Ал Сиситайға ТМД елдеріне танылып жүрген бұл музыканттар шалқар шабыт сыйлайды екен.

C.C.TAY, әнші:

- Көбісін тыңдаймын, MDee, Bonapart барлығын. Жалпы негізінде әртіс болғандықтан меломан болу керек. Әр түрлі бағыттарды қарап тыңдау керек. Жалпы көзқарасым дұрыс ол біздер үшін яғни, бір үлкен мотивация болып келеді. Ары-қарай тағы да жұмыс істеуге шыңдалуға.

Ғамамтор жұлдыздарының жетістінін «EQ» тобы да мойындайды. Жігіттер, тыңдарман сұранысына ие болған жас өнерпаздар отандық музыкаға жаңашылдық алып келгеніне сенімді.

«EQ» тобы:

- Жаңашылдық ол күшті нәрсе. Себебі, өзіңе де жаңа нәрселер алып алуыңа болады. Қазақстандық әртістерді айтатын болсақ ия көптеген әртістер бар. Аттарын атағым келмейді, бірақ көптеген жұмыстары бар мысалы. Ресей еліне шығып жатады. Өзге елдің адамдарымен қарым-қатынаста жұмыс жасап, үлкен лейблдарға кіріп жатады.

«EQ» ұжымың айтуынша, кью-поп бағыты бүгінде өшіп бара жатқандай.

«EQ» тобы:

- Негізгі қазіргі кью-поп ол біршама андай бір үзіліс уақытында сияқты. Бір толқын керек сияқты. Ол толқындарды жасау әрине біздердің қолымызда шығар.

Еске салсақ, жігіттер кезінде q-pop-қа тән емес, орыс тілінде «Лаванда» әнін көпшілікке ұсынған еді.