Нұрлан мен Мұрат дуэті бұрынғы танымалдылығын кері қайтармақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан мен Мұрат дуэті енді 2000 жылдардағы танымалдылығын қайта жандандырмақ. Біраз жылдық үзілістен соң қос өнерпаздың қайта бірігуіне тыңдарман себепкер болған.

Мұрат Қожа, әнші:

-Халықтың сұранысы бойынша Нұрлан мен Мұрат керек бізге. Нұрлан мен Мұратты шақырсақ қалай болады деген сияқты. Көрермендердің сұрауымен. Сөйтіп қайтып қосылып бастадық.

Дуэттың жанғырғанына 4 жылдың жүзі болса да, тыңдарман әншілердің шығармашылығынан бейхабар. Десе де, бұрынғы белесті бағындыру мақсатында қос өнерпаз бір орында тоқтап қалмақ емес.

Мұрат Қожа, әнші:

-Жеке концерттерімізді қойып, бүкіл Қазақстанды аралап, қазір 3-4 облысты аралап тастадық. Жақында жаным деген ән шықты, қазір енді аттары есімде жоқ, алты-жеті ән бар кәдімгідей. Бірақ енді клип түсіріп, каналдарға беріп жатқан жоқпыз.

Екінші рет отбасын құрған Мұрат Қожаның жеке өмірі бір кездері қызу талқыда болды. Тіпті қазнет қолданушылары отбасы мен 3 қызын тастап кетті деп әншіні жерден алып, жерге салған-ды. Оларға Мұраттың айтары жоқ емес.

Мұрат Қожа, әнші:

- Басында елдің бәрі мені талқыға салып, әйелінен ажырасып кетіпті, үш қызын тастап кетіпті деп. Үш қызыммен араласамын, аллаға шүкір. Бәрімен жақсымын»

«Барлығын уақыт өз орнына қойды» деген Мұрат мырза екінші жарының бұл сынақтардан сүрінбей өткеніне дән риза.

Мұрат Қожа, әнші:

- Енді бәрі үйренді ғой халық. Құдайға шүкір, қыздарым бар. Әйелім бар. Аллаға шүкір, өмір жақсы. Астанада өмір сүріп жатырмыз, бәрі жақсы. Ешқандай проблема жоқ қазір.