Әбунасыр Серіков жалған лотерея онйнатып жүргені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Әбунасыр Серіков лотерея ұйымдастырып жатыр екен, қатысайық!» бұл инстаграм желісінде желдей ескен жарнаманы көрген жұрттың айтқаны. Бәрі жақсы келе жатыр еді, бірақ ойын болады деген күн шегеріле берді, ақыр соңында ұтыс ойыны онлайн өтетін болды. Бірақ бұған да көнген ел, бәрі «әділетсіз өтті» деп ашынады. Мынау «Ревю» редакциясына келген хаттан үзінді:

-30.01.2020 жылы инстаграм арқылы лотерея ойнатылды. Ол лотерея өтірік өткізілді. Алаяқтар болып шықты! Қаншама халықты алдады. Бірде бір адам ешқандай ұтыс ұтпады. Сол лотереяны жарнамалаған Әбунасыр Серіков!

Иә, Әбеке ойынның амбассадоры ретінде жарнамалауға келіскен екен. Бірақ ол да, оның әкімгері де соңы осындай болады деп ойламапты. Серіковтың денсаулығына байланысты барлық сұраққа көмекшісі Әбілқайыр Ахметов жауап берді. Ол лотерея ұйымдастырушысына жіберген аудиожазбасымен бөлісті.

Әбілқайыр Ахметовтың, ұйымдастырушы Нұрболат Демеуұлына whatsapp желісі арқылы жіберген жазбасы:

- Нұреке, сіз көбісіне ақша қайтармай жатсыз. Неге қайтармай жатырсыз? Олар бәрі арызданамыз деп тұр. Егерде сіз де қайтармасаңыз, біз де өзіміз арызданамыз. Бұлай істеген дұрыс емес.

Бірақ лотерея ұйымдастырушысы Нұрболат Демеуұлы елдің ақшасын бастан-аяқ қайтарып жатқанын, тек үлгеру жағы оңай емес екенін түсіндірген. Айта кетейік, бірнеше айдың ішінде 5000-ға жуық билет сатылып кетіпті.

Ұйымдастырушы Нұрболат Демеуұлының, Әбілқайыр Ахметовқа whatsapp желісі арқылы жіберген жазбасы:

- Это не правда. Мы возвращаем им. Я даже могу тебе скрины сделать, отправить. В день максимум можем сто, 50 примерно. Среднее 150-200 человек. Максимум.

Кейін бағдарлама тілшісі де Нұрболат Демеуұлымен байланысқа шыққан болатын. Бірақ ол қазір уақыттың жоқтығын сылтауратып, барлық ақшаны қайтарып болған соң ғана мән-жайды түсіндіріп беретінін жеткізді.

«Күніне 200 шақты адамның билетін қайтарудамыз» деген ұйымдастырушылар барлық қатысушыны толық қамтып шықса игі. Естеріңізге сала кетейік, бұдан былай «ҚР-да Ұлттық лотерея операторынан лицензия алмай, инстаграмда көлігін, пәтерін ұтысқа тіккен азаматтар енді жазаланады» деген заң шықты.