Соңғы уақытта өнерінен гөрі жеке өмірі қызығырақ болған әнші Дидар Кәден бұл сұрақтың нүктесін қоюға бел буды. Желіде бейтаныс аруға өлең арнап жүрген өнерпаз, жүрегін мәңгілікке жаулаған жанды кездестірген бе?
Дидар Кәден, әнші:
-Жеке өмірімді айтайыншы, жеке өмірім тыныштық ешқандай өзгеріс жоқ, бірақ әр адамның арманында, қиялында жүрген бір адам болады негізі. Мен ол адамды кездестірдім тіпті. Бірақ бір себептерге байланысты ол адаммен әзірге қарым-қатынасым жоқ. Сондықтан, сол адамға арнап жазып жатырмын. Ол адам біледі оны.
«Шын ғашықтар қосылмайды» - деген серіміз сезімімен қоштасуға асық емес. «Бірге болып, шаңырақ көтеруіміз әбден мүмкін, ол тек уақыттың еншісінде»,- дейді әнші.
Дидар Кәден, әнші:
-Енді мен жоспарлап жатырмын 3-4 жылдан кейін шығар деп. Неге? Түрмеден шықсын десең да. Кейде біреулер айтады ол көмектесуі мүмкін дейді адамдарға. Кездестірген адамың жаңа жолдар ашады. Керісінше кедергі келтіреді дейді. Әзірге жай ғана осы интриганы сақтап.. Ол да қызық қой.
Еске сала кетсек, актриса Лидия Кәденова төрт жыл бұрын жалғыз ұлының бір басын екеу етіп, дүркірете той жасаған еді. Дүниеге Дияр есімді атұстардың келуі де ел аузында болды. Алайда көп ұзамай Дидар мен Айым екі жаққа кетуге бел буған-ды. Көпшілік жастардың ажырасуын Аеканың кино әлеміне бет бұруымен байланыстырды.
Алайда, Айым Алтынбекова бүгінде тек визажисттік қызметімен ғана шектелуде. Десе де, Лидия ханымның экс-келіні Дидардан қалыспай, жеке өмірімен желіні шулатып жүрген жайы бар.
Бағалы сыйлықтар мен құшақ-құшақ гүлдердің иесі кім екені әзірге белгісіз.
Бьюти блоггер жеке өміріне қатысты пікір білдіруге баяғыдан құлықсыз.
Айым Алтынбекова – бьюти блогер:
- Мен жеке өмірім жайлы айтқым келмейді, ол туралы қозғамай ақ қойсақ болады.
Ал «Эстрада және цирк колледжінің» көркемдік жетекшісі болып тағайындалып, көрермен көзінен ұзап кеткен Дидар Кәден болса, үлкен сахнаға қайта оралмақ. Мемлекеттік қызметтің қызу жұмыстарынан шаршаған өнерпаз бұдан былай әншілікті қолға аламын дейді.
Дидар Кәден, әнші:
-Шыны керек шаршадым. Неден? Қағаздан, жұмыстардан шаршадым да. Сосын өнер адамдары түсінеді, қандай болмасын сахнаға тартып тұрады да. Қасында жүргенімен өзің сахнаға шықпағаннан кейін, жалпы мамандығың сол болғаннан кейін тартып тұрады да.
Сондай-ақ, Дидардың шығармашылыққа қайта кірісуіне тыңдарманның септігі мол болған. Әлеуметтік желіде сауалнама жүргізген ол, «көпшілік сахнаға оралуымды құптады»,- дейді.
Дидар Кәден, әнші:
- Сосын ғаламтор, инстаграм деген жақсы болды ғой. Опрос жасап, қалай болар екен. Менің көңіліме қарамаңыздар, шынымен де, егер қаласаңыздар деп сұрап едім. Көбісі 70-80 пайыздай қалауы сол болды менің оқырмандарымның.