Айқын мен Аргонядан тың туынды! Қос өнерпаздың тыңдармандарға дайындаған тосынсыйы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гангстерлерден дуэт! Өздерін дәл осылай атаған Айқын мен Аргоня «Операция гүлдер» картинасының саундтрегіне бейнебаян түсірді. Төлепберген мырза өзі продюсерлік еткен фильмге жаңадан ән жаздырып, қалта жұқартпай, әріптесінің ескі хитіне құда түскенді жөн көрген.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Аргоняға негізі басқа шаруамен барғанмын. Бір ән жазып берші маған саундтрекқа деп барғам. Тыңдап көрейік дедік те, ары қарай тыңдап жатып осы әнді дуэт жазайық деп. Сондай нелер болды. Себебі, екеуміздің стайлымыз да келеді. Гангстеры. Ол да бар, сондықтан.

Дәл осы «Қаламаймын» хит әні «Аргония» лақап атымен таныс Арғын Аусаровқа тиесілі екенін кей тыңдарман біле бермейді. Одан бөлек, «Бүйту керек ед», «Сендей ару жоқ» тректері құлаққаптардан түспей жүр. Ал, музыканттың «Кірмей қала ма деп қорқамын» туындысы тіпті, ел арасында кеңінен талқыға түскен де еді.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Почему он тренд- потому что он талант, талантты әнші болғандықтан тренд болады. Ой, да ладно я краснею. Талантты әнші болғандықтан әндерін іздедім саундтрекқа. Фирменный әндерді де айта аласың. Қазіргі молодежный, кью-попты да шемішкедей шағамыз керек болса.

Әндері ел аузында жүрсе де, Аргоняны қалың көрермен тани бермейді. Бұл орайда музыкант «танылу үшін, қымбат клип түсіргім келмейді»,- дейді. Оның пікірінше, бейнебаянсыз-ақ өзіңді көрсетуге болады.

Аrgonya, әнші:

- Керек пе ол бізге, керек емес пе? Сондай да моменттер болды, себебі кейбір әндер в который надо вкладываться. Өйстіп-өстіп келе жатқан жол ғой. Міне, қазір ревюдан нтк-дан көріп жатсыздар. Қайда асығамыз. Асыққан шайтан ісі.

Ал Айқын болса, кино әлеміндегі тырнақалды туындысымен қатар жеке концертіне де қызу дайындалып жатыр. Бұл жолғы кештің басты ерекшелігі де жоқ емес көрінеді.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Концерттің ерекшелігі жұлдыз қатысады. Жұлдызды таныстырамын. Ақырындап шығып жатқан әндер бар. Арасында алла қаласа дуэтімізді жазып жатырмыз.