Эстрадамыздың талғампаз әншісі, джаз өнерінің ханшайымы Жанна Орынбасарованы бүгінде қалың көрермен актрисалық талантын байқап үлгерді. 60 бөлімнен тұратын «Қыз қиялы» криминалды драмасының басты рөлін сомдаған әнші бұл туындыға қалай келгенін баяндап берді.
Жанна Орынбасарова, әнші-актриса:
-Мені, әрине продюсер шақырды, шақырған кезде осындай-осындай роль болады. Өзіңді көріп қарайсың ба деген ұсыныс болды.
Актриса болу – Орынбасарованың бала күнгі арманы. Әнші ретінде елге танылған кейін, Жаннаны киноға тағдырдың өзі жетелеп әкелген. Алайда түсірілімнің қызығы мен шыжығы, өзіне жат графигі көп ұзамай әншінің көз жасын төгуіне себеп болған.
Жанна Орынбасарова, әнші-актриса:
-Бір аптадан кейін режиссерға келдім да айттым, мен шаршап қалдым. Сол кезде кішкене жылап алдым сол жерде кәдімгідей, көзіме жасым келіп шаршап қалдым расымды айтсам.
Ал кино әлеміне таныспен келді дейтіндерге Орынбасарова ханым «ешкім ешкімнің нанын тартып алмайды», - деп жауап қатты.
Жанна Орынбасарова, әнші-актриса:
-Айтады ғой кейбір актерлар, естігенім бар, осы әншілерге не жоқ киноға да түсіп, ешқандай білімдері жоқ. Киноға түседі не бар екен деп. Мен ешкімнің бәйбішесі емеспін, ешкімнің тоқалы емеспін.
Осылайша жеке өміріне қатысты сұрақтың шетін ашты. Жанна ханымның бүгінде марқұм жарынан бір қызы бар. Алайда қанша жыл өтсе де, баласына әке, өзіне адал жар болатын жан кезікпеген.
Жанна Орынбасарова, әнші-актриса:
-Мен түсінемін, халық барлығын білгісі келіп тұрады кіммен тұрады, кімі бар, кімі жоқ жасыңды қолыңа алып, қарап отырып жылай бермейсің ғой күйеуің жоқ екен деп. Бірақ егер де Құдекең маған бір адамды көрсетіп, осы адам саған келеді-ау деген жағдай болып жатса, әрине мен қарастырамын.
Ендеше әншінің бойынан өз кейіпкерін көре алатын режиссерлар болса, Орынбасарова ханымды үлкен экрандардан көп ұзамай көріп қалуымыз әбден мүмкін.