Джессика Симпсон жан сырымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джессика Симпсон 33 жылдан бері жанын жегідей жеген жарасын жұртқа жария етті! Жақында жарыққа шығатын, өмірі бастан аяқ баяндалған «Open Book» кітабында актриса алты жасында азғынның құрбаны болғанын ашық жазған. Қала берді 12 жасына дейін зорлық көрген ол, алкоголь мен нашаға да осы қиындықтардың кесірінен әуес болыпты. «39 жасымда барлық жаман әдеттен арылдым. Тағдырым оңай болды дей алмаймын. Бәрін, кітабымнан оқыңыз», - дейді Джессика.

Махаббат ұштағаны дерсің! Бред Питт, Энджи үшін Дженнифер Энистонды тастап кеткен еді. Енді Джолидан қашықтап, Энистонды қайта жағалап жүр. Бұл жанкүйерлер үшін тосын жаңалық. Ал Анджелинаның өзі болса, бұған жүрегінің еш ауырмайтынын, көңілі баяғыдай екенін айтқан. Десе де, актрисаның жүдеулі жүзіне қарап, жағдайының мәз емес екенін білуге болады.

Ким Кардашьянның тұңғышы – Норттың гримерлік қабілеті ашылып жүрген сияқты. Себебі балақай бауырларының бәрінің беттеріне анасының қызыл далабымен «Оно» фильміндегі Пеннивайздың суретін салып берген. Қорқыныш тудырудан көрі, езуге күлкі үйіретін балапандарының түрлерін сәнбике инстаграм желісіне жүктеген. Қала берді, Норт Кимнің ең сүйікті әппақ диванын қызыл бояумен бүлдіріп қойған.