Тәуекел Мүсілім Махаббат Түктібаевамен заңды түрде ерлі-зайыпты атанды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Өткен жылы қарашада қалың жұртты күтпеген жаңалығымен таңғалдырған Тәуекел Мүсілім күні кеше Махаббат Түктібаевамен некелерін заңды түрде тіркеп, ерлі-зайыпты атанды. Актер инстаграмында «Алланың алдында, ҚР алдында ерлі-зайыпты болдық. Уаймдамаңыздар, үлкен той жазда болады", - деп жазба қалдырған. Екі жастың бақыты үшін қуанған жанкүйерлер олардың бір біріне ұқсайтындарын айтып, жарыса бақыт тілеуде.

Аша Матай мен Арман Қоңырбаев екінші мәрте ата-ана атанды. Белгілі тележүргізуші әнші күйеуіне тағы да қыз бала сыйлаған. Бұл қуанышты жаңалығымен жұлдызды ана Instagram желісінде оқырмандарымен бөлісті. Өнер иелері қыздарының есімін – Айым деп қойыпты.

Қайрат Нұртас өзінің өзгешелігімен үнемі көзге түсіп жүреді. Әнші бұл жолы да әртіс біткенге ерекше челлендж жолдаған. Мальдив аралының жағасында өзінің жарымен жүрек пішінінде суретке түскен ол, Айқын Төлепбергенге, Мейіржан Түребаев пен Төреғали сынды өнер өкілдеріне кезекті табыстаған. Әзірге Қайраттың суретін қайталаған тек Айқын мен Жұлдыз ғана.