Сөз беріп, уәдесінде тұрмаған жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кентал, әнші:

- Жылды жақсы жаптым. Жоспарлар көп, бейнебаяндар түсіру, киноға түсу. Үйлену деген жоспарда бар. Сондықтан, басымыз аман-сау болсын алдымен.

Дәл осылай шоу-бизнес сүрбойдақтарының бірі Кентал 2019 жылы үйленемін деп уәде берген еді. Алайда, әншінің жоспары әзірге тек бейнебаянда ғана жүзеге асты. Өнерпаз, келер жылы жеке өміріне қатысты жағымды жаңалығымен қуантады деп үміттенеміз.

Кенталмен салыстырғанда, «тұрмыс құру» миссиясын баяғыда-ақ орындап тастаған Айдана Меденова, биыл шығармашылыққа шындап кірісетінін айтқан еді.

Айдана Меденова, әнші:

- Барлық жақтан, жұмыс жағынан болсын, денсаулық жағынан, білім жағынан, барлық жағынан әр адам тырысатын шығар, мен де сол барымды саламын. Енді, тобымыздың, «Өзге» тобының шығармашылығын көтеруге тырысамыз. 2 бейнебаян түсіреміз.

Алайда, Айдана продюсерлік еткен «Өзгеліктер» тырнақалды туындысын таныстырған соң, көрермен көзіне көрінбеді. Соған қарағанда, ұжым баяғыда тарап кеткен сыңайлы.

Есесіне, Мэмэндықтар жарады! Жігіттер 2019-да жұмысқа білек сыбана кірісуге ниетті екенін білдірген еді.

«MADMEN» тобы:

- 2019 жылға қазір көптеген проекттер ойластырылып жатыр. Солардың арасында реалити шоу бар, влог, бейнебаяндар және тағы тағы тағы басқа, жаңадан проектарды көрсетуге тырысамыз.

Q-pop өкілдері өз сөздерінде тұрып, бірнеше музыкалы жүлденің иегері атанды. Қысқасы, отандық өнерпаздар Мэдмэндықтардан үлгі алады деп үміттенеміз.