Әлеуметтік желіде той үстінде сыныптасын алып қашып, көлікке мәжбүрлеп отырғызып алып кеткен жігіттің видеосы тарауда. Бұл оқиға қоғам қайраткерлері мен өнер өкілдерінің шамына тиген. Тележүргізуші Динара Сатжан ХХІ ғасырда қыздың қалауына қарсы алып қашуды «хайуандыққа» теңеп, жәбірленушінің ата-анасына арыз жазуға кеңес берген. Динара ханымның айтқанын блогер Дана Есеева да қолдап отыр.
Дана Есеева, блогер:
– Егерде ол келісіммен болса, онда иә, нормально. Егерде келісім жоқ болса, ол уже уголовщина.
«Кінәлі өз жазасын арқаласын» деген жұлдызды отбасы, отау құрарда қазақтың бар салтын сақтапты. Киіт те кигізген, ұзату мен құдалық та болған.
Дана Есеева, блогер:
– Ұзату тойы болды Жезқазғанда. Сырға салып, қалың беріп... Мейіржан: біздерде бәрі жақсы болды. стандартная классика.
Ал боксшы Әділбек Ниязымбетов «қызды әлсіз жігіттер ғана алып қашады. Бәрін ата-ананың батасымен жасаған дұрыс» дейді.
Әділбек Ниязымбетов, спортшы:
– Жоқ, ұзатып алған алған дұрыс қой. Әрине әке-шешесінен сұрап, рұқсатын алып солай үйленген дұрыс қой.
Ал ел Жахан Отарғалиевтің «қашан үйленесің?» деп мазасын алса керек, ол «жарымды жолықтырсам ұзатып болсын, алып қашып болсын үйленуге дайынмын» дейді. Тіпті «отау құрсаңшы» деп туыстары да реніштерін білдіреді екен.
Жахан Отарғалиев, актер:
– Соған қатысты кездескен кезде реніштерін білдіріп жатады. «Мамаңды уайымдата берме, мамаңды сөйлете берме» деп. Енді ол менің жеке өмірім енді. Аллахтың қалаған уақытында болар деп жауап беремін.
Ал Арыстағы қыз ұрлау оқиғасына қатысты, тергеу ісі басталды. Сыныптасын алып қашқан жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалуда.