Мемлекет тарапынан марапат алған жұлдыздар хейтерлерге жауап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында инстаграм желісі жұлдызды марапаттардан көз ашпады. Көпшіліктен сүйінші сұрап, төсбелгілерін көрсеткендердің қатарында Роза Рымбаева, Димаш Құдайберген, Тамара Асар, Гүлнұр Оразымбетова мен Қайрат Байекенов те бар.

Алайда, марапат табысталып қойғанымен, әлеуметтік желінің желпіні басылар емес. Мәселен, «Құрмет» орденінің иегері атанған Гүлнұр Оразымбетованы мұндай атаққа лайық емес дейтіндер де табылды. Мұны оқыған Гүлнұр ханым, Құрмет Орденіне әншіні тым жас санайтын хейтерлерге жауап беруді жөн көрді.

Гүлнұр Оразымбетова, Құрмет орденінің иегері, әнші:

- Көпшілігі ойлауы мүмкін жап-жас болып алып қалай сіз алып жатырсыз деп. Мен жас емеспін. Менің сахнада жүргеніме 25 жыл болса, демек менің жасым қырықтан асты деген сөз. Сондықтан да қырық жастан асып, осындай құрмет орденіне ие болу дұрыс дүние деп ойлаймын.

Одан бөлек, орындаушы әрбір әнін тыңдауға тұрарлық туындылар қатарында деп санайды. Сондықтан Оразымбетова үшін, марапат еншілеуі әділ шешім.

Гүлнұр Оразымбетова, Құрмет орденінің иегері, әнші:

- Менің репертуарымдағы әндер бүгін орындалып, ертең ұмытылып кететін әндер қатарында емес. Сондықтан да мен орындап жүрген әндердің алған бағасы деп ойлаймын.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иемденген әнші Тамара Асар да, марапатына қатысты өзгелердің артық сөз айтпауын өтінеді.

Тамара Асар , ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Енді мен ойлаймын біреулер кеш алдың, неге әлі алмағансың деген сұрақтар қойылып жатыр. Бірақ мен үшін өз уақытымен сияқты, мен сезініп алдым, қуанышпен алдым. Ешкімнен артық кеттім-ау деген бір кірбің болған жоқ. Ешқандай күмән болған жоқ.»

Ал, мемлекет тарапынан оң бағаланған өнерпаздар, «енді халық игілігі үшін барымызды сала тер төгеміз» - дейді.