«Moschino» кезекті коллекциясын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Moschino» кезекті коллекциясын таныстырғалы, сән үйінің жаңа үлгілері талқыдағы тақырыпқа айналды. Желі қолданушыларын әсіресе қызықтырған мына алып сөмке.

Әйгілі брендтің өкілдері болса, осыған қатысты «бұл кептеліс кезінде метроға кіріп, сөмкесін шешпей қойған жолаушы» деп әзілдеп жауап берді.

«Moschino» топтамасын таныстыруда әдеттегі сән мінберін Нью-Йорктағы Көлік музейіне алмастырған. Стрит стайлмен шабыттанған Джереми Скотт, жаңа үлгілерін көше сәні тақырыбына арнауды жөн санаған.

Джереми Скотт, дизайнер:

– Метро қаладағы маңызды орындардың бірі. Әрі бұл жерден мен жасап жатқан дүниелердің барлығын кездестіруге болады. Олар: стиль мен ыңғайлы киім, сән-салтанат пен қарапайымдылық.

«Moschino»-ның жаңа үлгілерін тамашалаған халық, бұдан былай оверсайз сәнде емес, ендігі тренд – «гипер оверсайз» деп тарқасты. Жаңа коллекциядағы өте үлкен көлемдегі күртешелер мен жемпірлерді көресіз. Стрит стайлға сай, бұл топтама ашық-жарқын түстерге қанық.