Ақан Сатаевтың қызы Марйам қай фильмде бой көрсетуден бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кино әлеміндегі талантты актерлар тәжірбиесін арттыру мақсатында түрлі образдарды сомдауға әзір. Бірі салмақ тастап, адам танымастай өзгеріп жатса,

енді бірі әйел образымен көзге түсуде.

Алайда Нұрлан Қоянбаев ат басындай алтын берсе де, әйел образын сомдамаспын деген пікірде. Десе де, киногерде төл лентасының табысты шығуы үшін, бұл ұстанымынан бір рет бас тартуға тура келген.

Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:

- Ол енді қатты қолдамаймын оны. Ол әзілдің басқа жанры. Киіммен күлдірту, басқа образбен қыз болып күлдіру. Өзім қатты жақтыртпаймын бірақ «Бизнес по казахски Африкада» авторлар, сценаристердің жазуы бойынша ойнауға тура келді.

Талантты актер Еркен Губашевты драмалардан да, комедиялық картиналардан да кездестіре аласыз. «Анажан» және «Зеркала» фильмдерінде бой көрсеткен өнер иесі үшін, режиссердің ұсынған рөлі емес, түсетін лентасының табысты болуы маңызды.

Еркен Губашев, актер:

- Сценарий ұнамайтын кездер болады. Сол кездері бірден бас тартамын. Оның ішінде менің кейіпкерімнің образы маған ұнамауы мүмкін. Немесе фильмнің берер ойы ұнамауы мүмкін. Егер мен картинаның табысқа кенеле алмайтынын сезсем, рөлден бас тартамын.

Кино әлеміне қадам басқанына аз уақыт болса да Марйам Сатай сұраныстағы актрисалар тізімінде. Ақан Сатаевтың қызы өзіне түскен ұсыныстардан бас тартқан кездері болған. Себебі киногерлер бойжеткеннен ұятсыз рөл сомдауын сұрапты.

Марйам Сатай, актриса:

- Рөлден бас тартқан кезім болды. Ол ұятсыз рөл еді. Біріншіден мен ондай образды сомдауды өзім қаламаймын. Екіншіден, менің ата-анам қарсы.