BTS пен Billie Eilish жылдың ең басты хит әншісі атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

BTS пен Billie Eilish «Variety’s Hitmakers Brunch» кешінде бас қосты! Еске салсақ, бангтандықтар мен Билли жанкүйерлері бұған дейін бір-бірін суқаны сүймейтін. Енді бұл шара қос тарап фантаттарын татуластырғандай.

«Variety’s Hitmakers Brunch» жүлдесі хит туынды авторларын марапаттауға бағытталған. Басылымның пайымынша, BTS-тықтар «Жыл ұжымы» аталымына лайық.

«BTS» тобы:

- Сәлем! Біз Оңтүстік Кореялық BTS тобымыз. Осындай шараларға қатыса бермейміз, сондықтан аздап толқып тұрмыз. Бізді «Жыл ұжымы» деп таңдаған Variety-дің редакторларына алғысымызды білдіреміз. 2019 жыл расымен де маңызды болды. Барлықтарыңызға рахмет.

Сондай-ақ, кештің жұлдызына айналған k-pop өкілдері өздерінің ел естімеген жаңалығымен бөлісті.

«BTS» тобы:

- Жағымды жаңалығымызды дәл қазір жариялағымыз келіп тұр. Қазіргі сәтте кезекті альбомды дайындап жатырмыз. Қысқасы, 2020 жылы талай туындымен қуантпақпыз.

Ал 17 жастағы Billie Eilish – жылдың басты хитмейкері атанды. Әдетте ашыла сұхбат бере бермейтін ару бұл кеште көсіле сөйледі.

Billie Eilish, әнші:

- Вэраятиге рахмет! Менің тыңдармандарыма рахмет! Әуел баста, хит жазу ойымда да болмады. Бар болғаны, өзімнің сүйікті ісіммен айналыстым. Осы орайда маған көмектескен, әндерімнің со-авторы ағам Финниасқа, залда отырған ата-анама, командама рахмет.

Variety ұйымдастырған басқосуда Billy Ray Cyrus пен қосыла ән шырқаған Lil Nas X-тің де есімі аталған-ды. Жас өнерпаз да, сөзсіз жыл жаңалығы.