Нұрсұлтан Есжан, @nursultan_yeszhan, тележүргізуші:
- Отандық актерлар қауымы фильмде ашық сахнаға түсуге қалай қарайды? Ұятсыз сахналарды өздері сомдай ма әлде дублерге сеніп тапсыра ма? Бұл қаншалықты біздің туындыларда тәжірбиелінп жүр? Киногерлердің өздерінен сұрап көрейік!
Соңғы жылдары отандық кинода жартылай жалаңаш сахналар көбейді. Жуырда ғана көрерменге жол тартқан «Казбат» тарихи драмасында да, эротикалық көріністер кездеседі.
Дәурен Серғазин, актер:
-Бас кейіпкермен махаббат рөлін ойнайсыңдар ғой. Индирамен, сол жерде.
-Үй дублер ғой ол жерде. Қатысым жоқ ол жерге. Қыз да, жігіт те дублер. Біз қатысымыз жоқ.
- Неге өздерің түспедіңдер?
- Біздің денелеріміз сүйкімсіз болды.
- Дәурен жалпы мұндай көріністерге сахналарға қалай қарайсың өзің? +
- Енді кино деген өмір, егер ол дұрыс берілсе. Киноның берер ойы, берер мақсаты жақсы бағытталса, енді қатты андай емес, әдеби түрде түсірілген нәрсеге өмірді айқындау керек нәрсеге қарсы емеспіз.
Дәурен Серғазиннің пікірінше, егер эротикалық кадрлар әдемі түсірілсе, онда тұрған ешқандай әбестік жоқ. Ал актердің бұл пікірімен әзілкеш Мейіржан Төребаев мүлдем келіспейді.
Мейіржан Төребаев, актер:
- Ашық сахнаға сенің көзқарасың қалай Мейіржан?
-Жаман сразу айтамын.
-Жаман?
-Қаламаймын. Даже поддержа жоқ оған. Болмайды негізі. Біздің зритель даже оған қарамайды, бармайды. Оған қаражат құртудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Дәурен Айдарқұлов эротикаға толы көріністерді Голливуд жұлдыздары сомдасын деген пікірде. Актер төсек сахналары бар фильмдерден бірден бас тартады екен.
Дәурен Айдарқұлов, актер:
- Қазір қазақ киноөндірісінде, ашық сахналары бар фильмдер пайда бола бастады. Соған көзқарасың?
- Мен ондай нәрселерге, сондай бір жобалар ұсыныстар болып жатса өзім бас тартамын.
- Мүлдем гонорарына мән бермейсіз?
- Гонорарына мән бермеймін. Даже интервьюде де айтып жүргем, голливудтың өзіне шақырып жатса бас тартамын.
- Неге?
- Менің кішкене көзқарасым сондай.
Аға буын, керісінше, кино үшін түрлі экспериметке дайын екенін айтады. Актер Әбунасыр Серіков, эротикалық фильмдерге өнер ретінде қарау керектігін алға тартады.
Әбунасыр Серіков, актер:
- Ол енді өнер ғой. Оны тікелей түсінуге болмайды. Ол өнер болғаннан кейін. Біздің киноларда ашық сахна әлі көрсеткен жоқ. Соған дейінгі тоқтап қалып, өткізіп жіберіп. Бізде енді ашық көрсетуге ешкім бара қоймайды, себебі ол біздің менталитетке келмейді.
- Мүмкін сондай сахнасы бар, толық ашық көрсетпегенмен төсек сахнасы немесе тағысын тағы сондай ұсыныс түссе сіз қалай қарайсыз?
-Енді ол өнер ғой, өнер болғаннан кейін, сол сахнаға сол көрініске керек болса түсінесің ғой.