Басты рөлде - егде тартқан актер! Кинонарықтағы тың тенденцияға жас актерлар не дейді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әдеттегідей емес, киноиндустриядағы тенденция өзгерген! Басты рөлді тек жастар сомдайды деген түсінік жойылып, аға буын да бас кейіпкер атанатын кез келді!

Кезінде толықметрлі картиналардың жұлдыздары тек жас актерлар болғанымен Артур Төлепов те келіседі. Сері бүгінгі таңда жасы келген киногерлермен тұсірілім алаңында жұмыс істеу – тұнып тұрған тәжірбие дейді.

Артур Төлепов, актер:

- Бұрын стереотип болған шығар жастар түседі деген. Енді қазіргі, түрлі жас айырмашылығы мысалы үлкен буын ағаларымыз, орта буын жастар да, бәрі түсіп жатқан менің ойымша ол біз үшін сабақ.

Артур Төлепов аға буынның кәсібилігіне аса қызығушылықпен қарайтынын да жасырмады. Тіпті, өзі үлгі тұтатын актерларды тізіп берді.

Артур Төлепов, актер:

- Әбунасыр ағамыз, мына Қуандық аға жақсы ойнап жүрген. Алмат Сақатов ағамыз бар. Енді ол үлкен буынға жатқызуға болады деп ойлаймын. Біздің киномыз жан-жақты болуы керек деп ойлаймын. Енді біздің кино тарихымызда, құдайға шүкір бай. Қазір стильдер көбейіп жатыр түрлі.

Әбурнасыр Серіков те киноиндустрияның жарық жұлдызына айналды. Жасы келген кезде үлкен экрандарда жиі көріне бастаған талантты актер «Брат или брак» және Әсел Сәдуақасованың «Семьянин» фильмдерінде басты рөлдерді сомдады. Әбекеінің шеберлігіне Гүлназ Жоланова да тәнті болып жүрсе керек.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Қазір комерциялық киноларға өзінің бір жарқын рөлдерімен көзге түсіп жүрген Әбеке ағамыз. Жан Байжамбаев жақсы партнеріміз, Данагүл Темірсұлтанова айта берсең көп. Бәріне де рөл табылады. Егер де жас актерлар түсіп жүрген кезде, ол кісілерде кинода түсіп жүрді ғой.

Ал, режиссер Нұртас Адамбайдың пікірінше егде актерларға арналған фильмдердің көрермені көп болмақ. Киногер шығармашылығында «Лифт» атты психологиялық драма ұсынып, онда 64 жастан асқан актер Иісбек Әбілмажіновке басты кейіпкерді сеніп тапсырған-ды.

Нұртас Адамбай, режиссер:

- Өзім бірге жұмыс істеген Иісбек Әбілманжінов ағамыз өте талантты. Себебі, ағамыздың роліне тамсанған көрермен көп болды. Режиссер ретінде мен ол кісінің шеберлігіне ең жоғарғы бағамды берер едім.