Себебі, күдікті ретінде қаралып, үй қамағында отырған Бауыржанның ата-анасы баласын ақтап алатын тың деректер мен дәлелдер тапқан. Естеріңізге сала кетейік, ерлі-зайыптылар бұған дейін бір бэндте ән шырқаған. Ал Ксения жаз маусымында желі беттеріне «Күйеуім мені соққыға жығады және жертөледе өлтірмек болды» деп жұртқа бейнеүндеу жолдаған еді.
Бикеш Ашығалиева, Бауыржанның анасы:
Это со слов Ксении. Она раздула все там в соц.сетях. /ЖЕН/ Ксения әлеуметтік желіде бәрін тым әсірелеп жіберді. Сот әділ шешім шығарады деп сенемін. Шындық орнайды деп үміттенемін. Негізінде Ксениямен қарым-қатынасым жақсы еді. Ол мені «анашым» дейтін. Әлі күнге дейін біздің үйде тіркеуде тұр. Аяғаннан шығармай отырмын.
«Балам сойылған тауықтың қанын көріп талып қалатын» деп сұқбат берген анасы, ұлының жазықсыз екеніне сенімді. Бикеш ханымның айтуынша, экс-келіні бәрін ақша өндіру үшін ұйымдастырып отыр. Бауыржанның әкесі Жәнібек Ашығалиев те бұл сөзді растайды. Сөзінше, Ксения үлкен ұрыс кезінде ұялы телефонынан бір үйдің суретін көрсетіп «Осыны алып бермесең сені де, ұлыңды да түрмеде шірітемін» деп бопсалаған көрінеді.
Жәнібек Ашығалиев, Бауыржанның әкесі:
Она вообще не образованная женщина. 9 классов что-ли окончила. /МУЖ/ Оның қолынан тек тақыр жерден шаң шығарып, өсек өрбіту ғана келеді. Баламмен отандасқанына 7 жыл болды ма? 7 жылдан бері анасымен қосылып менің мойынымда отыр. Осыдан жеңіп шығайық, барлық шығынды өтетемін.
Бауыржан мен Ксенияның ортақ екі баласы бар. Олар қазір аналарының қолында. Бауыржан Ашығалиевты қолдауға, оның өнердегі бірқатар әріптестері де баспасөз конференциясына келді. Оның ішінде: шоумен Роман Альманский, скрипкашы Жәмиля Серкебаева, продюсер Әлия Есенова және әнші Парвиз Назаров та бар. Соңғысы «Досымның кінәсіз екеніне толықтай сенімдімін» дейді.
Парвиз Назаров, әнші:
Жақын күндері шындық өз тұғырына шығады және Бауыржанмен бұрынғыдай араласып, баяғыша сахнада өнер көрсетемін деп үміттенемін. Мен оның кінәсіздігіне толықтай сенімдімін.
Бұл істе кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені – уақыт еншісіндегі дүние. Бірақ, бүгінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Соттың да ауылы алыс емес.