Бұдан-былай инстаграмнан пластикалық ота элементтері бар маскалар қолданыстан алынып тасталмақ. Бұл жаңалық отандық шоу-бизнес өкілдерін қуантқандай. Себебі, өнерпаздардың айтуынша, желідегі бұл қосымша адамның өзіне деген сенімін жоғалтып, әдемілік үшін пышақ астына түсуге итермелейтін көрінеді.
Балжан Бидаш, әнші:
Шынында да ол масканы көріп, ааа маған ерін үлкейткен жарасады екен, ааа маған мұрын кішірейткен жарасады екен, көз үлкейткен жарасады екен деп, қыздар шынымен де ойын өзгертулері мүмкін.
Ерніңнің көлемі әдеттегіден үлкен немесе бет пішімің симметрияға сай! «Пластикалық ота жасатқандай әсер туғызатын маскаларға әбден үйренген соң, айнадағы жүзіңді қабылдай алмауың да мүмкін» - дейді жұлдыздар. Мәселен, Ayree кезінде сондай күйде болғанын жасырмайды.
Ayree, әнші:
Мен негізінде екі жыл бұрын снапчаттан шығып кеттім, себебі үйреніп қалады екенсің, аа әдемі деп сосын нормальный фронтовый камера есть соған фотографировать еткенде, фотоға түскенде аа деп қаласың да үйреніп қаласың тез-тез.
Нәзік жандылардың мұндай күйі Әли Оқаповты алаңдатады. Сондықтан, әнші кері әсері бар қосымшалардан мейлінше бас тартуға шақырады.
Әли Оқапов, әнші:
Шынымен де психологиялық тұрғыда кері әсерін тигізсе, онда шынымен де алып тастағаны жөн шығар, дұрыс шығар. Ер азамат ретінде менің ойымша қатты қызық емес ол маскалар, сондықтан онша қатты әсер етпейді.
Сондықтан Әли, инстаграмдағы маскаларға қызығатын серілерді мүлде түсінбейтінін айтып қалды. Алайда, «әркімнің өз қалауы» - дейді Оқапов.