Отандық өнерпаздар Баян Мақсатқызын «қазақтың Моника Белучиіне» балады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Көрікті, дарынды, табысты! Бұл теңеулер елуді еңсеріп, алпысқа таяған Моника Белучиге арналғандай. Италиялық актриса әсемдік эталонына айналғаны қашан. Десе де, отандық шоу-бизнесте де үлгі тұтарлық бикештер жетерлік. Сонымен, қазақтың Моникасы кім?

Гүлназ Жолнова, актриса:

-Кез-келген жерде айтам, менің ұстазым - Баян Мақсатқызы. Ол өзінің ұстанымы, ақыл-ойы, көріктілігі, айта берсең көп. Сондықтан, әлі де 10 жылдай айтамын. Біріншіден Баян Мақсатқызы.

Мақсатқызы – сөзсіз фаворитім деген Жоланова, ұстазына ұқсау арманы екенін жасырмайды. Актрисаның сөзінше, шоу-бизнесте Алагөзовадан асып түспесе де, Баян сынды басқа да сұлулар жетерлік.

Гүлназ Жолнова, актриса:

-Динара Сәтжан бар. Энрегетика жағынан, сондай мықты кісі. Ұйықтамайтын сияқты. Инстаграмынан қарасаң. Айгүл Мүкей. Актрисалардан Данагүл Темірсұлтанова маған өте қатты ұнайды.

Экс-кешьюлік Назым болса, «қазақтың Моникасы» атануға тұрарлық әйелдерді тезбектеймін деп таңқалдырды. 20 жастағы ару үшін Әсел Сағатова бастаған өнерпаздар, жасы келген актрисалар қатарында екен.

Назым Әбілдина, әнші:

-Ой актрисалардан көп негізі. Қарлығаш, осы жердегі красотка. Және де шынайы ойнайтын, Гүлбахрам Байбосынова. Актрисалардан өте көп, Әсел Сағатова.

Ал, сән әлемінің өкілдері арасында да Баян Алагөзова көш бастайды.

Назым Қарпықова, дизайнер:

-Мен бірінші Баян Мақсатқызын таңдар едім. Себебі, ол кісі әйелдердің ішінде ең мықты, шоу-бизнестегі ең мықты әйел деп ойлаймын.

Әріптестерінің арасында мұндай қошаметке ие болған Баянның өзі болса, қазақтың Моникасы атанғысы келмейді.

Баян Алагөзова, прдюсер:

-Біріншіден мен Моника Белучи емеспін. Моника Белучи бола алмаймын да. Ол жалғыз, мен де жалғызбын. Меніңше, біздің елімізде көркімен көз сүйсіндірген, дарынды әйелдер жетерлік.