Лос-Анджелесте тағы бір тұсаукесер! «Regency Village Theatre»-да «Knives Out» картинасының премьерасы өтті. Киносалтанаттың қызыл кілемінде
фильмнің түсірлім ұжымынан бөлек, әріптестерін қолдауға келген қонақтардың да қарасы мол болды.
Алайда, бұл кеште Дэниел Крейг, Джейми Ли Кёртис, Крис Эванс пен Ана Де Армас елдің басты назарында.
Ана Де Армас, актриса:
- Бұл мен үшін естен кетпес тәжірибе болды. 1 жылға созылған еңбегіміздің нәтижесі енді көрерменге жол тартпақ. Ерекше сезімдемін.
Крис Эван, актер:
- Түсірілім кезінде өзімді үйде жүргендей сезіндім. Себебі, команда жанға жайлы. Оның үстіне лента барлығымызды біріктіре түскендей.
Картинада басты рөлді Дэниел Крэйг пен Крис Эванс сынды кіл мықты актерлар сомдаса, аталмыш фильмнің режиссерлік тізгінін Райан Джонсон қолына алған еді. Еске салсақ, су жаңа лента детектив жанрында таспаланған.
Райан Джонсон, режиссер:
- Лента көрерменді ойландырарлық, ауыр боғанымен, киноны таспалау қиын болды деп айта алмаймын. Ұжым болып қызықты сәттерді бастан өткердік.
Фильмнің сюжеті бойынша, әйгілі жазушы Харлан Тромби бір-бірімен араздасып қалған жақындарын жинап, оларды табыстырмақ болады. Алайда, бұл кеште қаламгердің денесі өлі күйінде табылады. Оқиғадан соң, үлкен әулеттің әр мүшесі күдікті қатарына ілігеді.