«AfterHalloween - 2019»!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір апта өтсе де, Памела Андерсон әлі де «Хэллоуиннің» әлегімен жүр! Голливудтықтар үшін маңызды бұл мерекеге, актриса үндіс үлгісінде киінемін деп, басы дауға қалды! Өнерпаз, американың тұрғылықты көне тайпасының бас киімімен, жалаңаш суретін желіге жүктеген-ді. Сылқымның бұл қылығын көрген үндістер, «Біз костюм емес, тұтастай мәдениетпіз» деп, үндеу жолдап, жаппай қарсылық білдіруде.

Памеланың бұл қылығы өзге әртістерге сабақ болмаса керек! Мәселен, мереке өткен соң, ресейлік өнерпаздар «AfterHalloween» -де жиналып, ерек костюмдерімен таңқалтты!

Бүкіл бомонд бас қосқан бұл кешке өнер өкілдері ұзақ дайындалғаны көрініп-ақ тұр! Еске салсақ, кешке фантастикалық тақырып таңдалған болатын. Шарада Юлия Барановская, Алеся Кафельникова бастаған арулар өз киімдерімен өзге галактикадан келгендей әсер қалдырды.