Жұлдыз жауған түн! Шоу-бизнестің ең беделді арулары Лондағы Claridge's қонақүйіне ағылды! «Harper’s Bazaar» басылымының ұйымдастыруымен, «Women of the Year Awards» марапаты табысталды. Бұл кеште, «Жыл әйелі» атану Кейт Бланшетке бұйырыпты.
Кейт Бланшетт, актриса:
- Қайырлы кеш! Мен бұл марапатты талай жанға жәрдемдескен БҰҰ-ның босқындар мәселесін көтеретін өкілі ретінде алғаным дұрыс болар. Көп рахмет!
Алекса Чанг сән саласында жеткен жетістігі үшін, «Жыл дизайнері» жүлдесінің иегері атанды. /1.15/
Алекса Чанг, дизайнер, жазушы:
-Сәнгерлер арасынан үздік атану мен үшін үлкен мәртебе. Табыстың құпиясын сұрасаңыз, жауабын білмеймін. Бар болғаны, сүйікті ісіммен айналысып, еңбек етіп келемін. Жауабы осы шығар.
Ал, «Harper’s Bazaar» редакциясының таңдауымен, сәнбикелер арасынан
Роузи Хантингтон-Уайтли оза шапты.
Роузи Хантингтон-Уайтли, сәнбике:
- Кішкентай кезімнен журналдардың мұқабасына қарап, фэшн саласында жұмыс істеуді армандап өстім. Өте қуаныштымын! Көп рахмет.
Бұл кеште «Victoria's Secret» періштесін, сүйіктісі Джейсон Стэйтем қолдауға келді. Еске салсақ, айтулы шара жыл сайын ұйымдастырылады.