Селена Гомездің су жаңа трегі жарық көргелі бері, тыңдарман арасында қызу талқыға түсуде. Әсіресе, әндегі оның экс-сүйіктісі Джастин Биберге арналған сөздері көпті қызықтырса керек.
Алайда, ән арқылы өткеніне өкініш, сүйіктісіне сезімін білдірген жалғыз Селена емес! Отандық өнер өкілдері арасынан, «Найнти уандық» Әлемнің бұрынғы ғашығы Риза да бар ренішін бір туындыға сыйдырғанды.
RIZA, әнші:
-Енді менің шыққан әнім, қалай айтсам болады, әннің ішінде мынандай сөздер бар. Қажеті жоқ тыныштықтың, тыныштықтан тұншықтым шын. Шынымды айтсам, мен көп дайындалдым дебютыма. Ол ән менің жан айқайым.
Кезінде Найнти уандық мембермен көңіл жарастырған Зируза болса, туындыларының Даниярға арналғанын мойындамақ емес. Десе де, ару өз жауабымын ойландырып қойды.
Ziruza, әнші:
-Ән жайдан жай шықпайды сондай бір махаббатты көргенде немесе қиналғанды көргенде мүмкін жазған болар ол әнші, сол үшін менің ойымша әрбір адамға байланысты.
Есесіне, Әли Оқапов жуапсыз махаббаттың құрбаны атанып, жүрегі жаралғанын жасырмайды! Муызыкант арманда кеткен аруына арнап, ән де жазған.
Әли Оқапов, әнші:
-«Сүйер едім» деген әнім бар, оған тіпті бейнбаян да түсірдім. Шынымды айтайын, сол бейнебаяндағы елес ретінде көрінетін қыз, жалпы оны түгелімен көрсетпейді, қолдарын, көздерін дегендей, бірақ мен әдейі сол қызға ұқсатып таңдап бекіттім. Яғни, өзі түсінсе түсінер, түсінбесе түсінбер дегендей.
Әли Оқапов, әнші:
-Жақында ғана тосын жерде кездесіп қалдық, негізі мен айттым осы ән саған арналады деп, сен жайлы дегендей, сондықтан ол таң қалды. Негізі шынымен ба деді, түсінбегендей. Сондықтан, бөлістім айттым. Білмедім енді қалай қабылдағанын.
Ал, Оқаповтың жаралы жүрегі, көп ұзамай өзінің жартысын табады деп үміттенеміз!