Шоу бизнесте ақ келін атанған арулар қатары көбейді. Ұясынан ұшқалы тұрғанда бұрымдылар басы бос құрбыларына үкі тағып, қисынды салт қалыптастыра бастады. Жұғысты болсын деп гүл шоғын лақтыратындар да жоқ емес. Бұл дәстүрдің озығы қайсы, тозығы қайсы?
Элизат Берікова тұрмысқа шыққан сәтінде, қалыңдықтың гүл шоғын лақтыруды мүлдем ұмытып кеткен. Бірақ, бұл олқылығым үшін кейінірек қуандым дейді. Себебі, ырымдап қолындағы гүлін, той соңында құрбысы Сараға ұсынған.
Элизат Берікова, әнші:
- Мен сосын ұмытып кеткеннен кейін, жаңағы официально лақтырмағаннан кейін, Сараны шақырдым, «мынау саған» деп, қолына өзім тапсырдым. Өйткені, ұмытып кеткенмін. Жұғысты болсын деп, Сараға сөйтіп бердік.
Элизаттың «менен кейін ұзатылар ару сен бол» деген ізгі тілегі қабыл болғандай. Бүгінде ғашығын кездестірген сылқым, ақ келін атануға асық.
Сара Амангелді, әнші, актриса:
Ал, Айсәуле Бақытбек болса, ұзатуы тойында гүл шоғы емес үкі таратқан еді. Баян Алагөзованың қызы дәстүрге сай ақ босаға аттады. Жөн-жоралғының бәрін қазақи салтпен жасаған ол, басы бос үлкен-кішіге түгел үкі тағып, жұғысты болсын дегенді. Айсәуленің бұл трендін Гүлназ Жоланова жалғаймын деп отыр.
Гүлназ Жоланова, актриса:
- Енді мен өзімнің ұзатуым болса әрине үкі. Ал енді әркімнің талғамына байланысты бұл жерде мұндай ешқандай бір сынаудың керегі жоқ деп ойлаймын.
Таяуда ғана тұрмысқа шыққан Луинаның тойында Сая Оразғалиева,
Айым Сейтметованың шаңырақ көтеру рәсімінде Анара Батырхан гүл қағып алды. Бұл арулардың келін атанар сәтін асыға тосамыз.