YouTube желісінде влог ашып, блогерлікті қолға алған жалғыз Жұлдыз емес! Мәселен, «101» тобының әншісі Иван Бреусов сұхбат сәтінде де камерасын қолынан тастамайды. Өнер иесі, көзі қарақты көрермен үшін, музыка тақырыбында видео таспалап жүр.
Иван Бреусов, әнші:
- Мен қазір влогтар түсіремін. Себебі, мен де өз ойыммен бөліскім келеді. Әсіресе, музыкамен байланысты дүниелер туралы айтқым келеді. Блогерлерге бәсекелес атанамын демеймін, бар болғаны халықты музыкаға қатысты дүниелерден хабардар етпекпін.
Желі арқылы, жанкүйерімен бір табан жақын болып жүргендер арасында тележүргізушілер де бар. Мәселен, Динара Сәтжан мен Ләйлә Сұлтанқызы ютуб арнасын ашық сұхбат алаңына айналдырып, видеоларында түрлі тақырыптарға шолу жасайды.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
- Менің әйгілі болып жүруім немесе экранда болуым, оның барлығы уақытша құбылыс қой. Ол бүгін бар, ертең жоқ нәрсе. Мен ондай нәрсеге мүлде алданбаймын да, иланбаймын да, сенбеймін да шынымды айтсам. Мен оны дұрыс пайдалану жағын ғана ойлаймын шынымды айтсам.
Осылайша, Сұлтанқызы атағы шарықтап тұрғанда ютубта арна ашып, жарнама арқылы қалтасын қалыңдатқысы келетінін жасырмайды. Мұндай ой, соңғы кездері Арман мен Ашаға да тыныштық бермей жүр.
Арман Қоңырбаев, әнші:
- Мен бір ұсыныс жасадым, күшті Қазақстанда болмаған қызық блог, бағдарлама ашайық деп едім интернеттен. Аша иә күшті деп, ол да өзінің ұсыныстарын айтты, идеяларын.
Бұл қарқынмен, отандық шоу-бизнес өкілдері жаппай блогер атанса да таң қалмаспыз. Ал, олардың шығармашылықтары шет қалмайды деп сенейік.