Мадина Сәдуақасова киногерлердің көзіне түсе алмай жүр! Ән әлемінің биігін бағындырдым деген сылқым, енді актрисалық қырынан танылуға ниетті. Өнер иесінің мұндай шешіміне жаппай фильмге түсіп жатқан әріптестері сеп болған.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Осыдан бір ай бұрын бір телесериалға түсуге щақырту алғанмын. Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды секілді нағыз кәсіби актерлардың ортасы болғандықтан жүрексіндім. Неліктен бас тартып келгенмін, бір рет болсын көруім керек қой дедім өзіме.
«Өзгелерден қай жерім кем» деген әнші, болашақта жолдасы таспалаған лентаның бас кейіпкері атануы әбден мүмкін.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Жолдасым- режиссер. Кино-режиссураны бітірді. Бірақ қазір телеарнада жұмыс жасап жатыр. Дайын болған кезде жолдасым да түсіріп қалар киноны. Көптеген киноға барған кезде айтып отырады кемшіліктері мен жақсы жақтарын. Қазақстандық киноларға көп сын айтады.
Десе де, әріптестеріне әрдайым сын айтуға әзір Мадинаның жары, оны киноға түсірмек түгіл, бейнебаянын таспалап беруге асықпайтын сыңайлы. Бұған себеп – шығармашылыққа келгенде ойларының бір арнаға түйіспеуі.
Мадина Сәдуақасова, әнші:
- Түсірсек, алғаш бейнебаяннан бастайтын шығармыз. Жылда бастаймыз, сценарийді ойлана бастаған кезде сөзге келіп қаламыз, немесе тағы басқаларды айтып кетеміз. Жұмыс туралы сөйлесіп, үй шаруаларына көшіп кетеміз. Әзірше басқаларда түсіре бер деді.
Ал, шығармашылығына қатысты бар ісін, жалғыз тындырып жүрген Мадинаның жаңалықтары да жоқ емес. Әнші жақын арада су жаңа альбомының тұсуын кеспек!