Нұржан Керменбаев дуэт жазудан жалығар емес. Шоу-бизнестегі әріптестерімен тандем құруды әдетке айналдырған Қапқарашка, бұл жолы Райымбек Сатыбалды есімді жас әншімен бірігіп, жаңа туынды ұсынды.
Райымбек Сатыбалды бұған дейін түрлі музыкалық жобаларда бақ сынап, көзге түскен. Өз аудиториясын қалыптастырып үлгерген әншіні көпшілік Керменбаевқа ұқсататын көрінеді.
Нұржан Керменбаев, әнші:
- Көп адам ұқсатады негізі Райыммен, Райым кейде айтады да, қылықтарым билерім кәдімгі сол сізге ұқсатады кейде, айтып жатады деген сияқты. Сондай ұқсастық болғандықтан да өзім жақсы көретін бауырым боландықтан да, енді вкусымыз бір жерден шығып тұр.
Бірігіп дуэт шырқау идеясы Райымбекке тиесілі. Жас әншінің ұсынысын қабыл алған Нұржан, өз репертуарындағы «Өмір сынағы» атты туындыға таңдау түсірген. Дуэт сәтті шыққаннан кейін ғана, қос өнерпаз бейнебаян түсіріліміне кіріседі.
Нұржан Керменбаев, әнші:
- Бағасы жағынан екі түрлі бейнебаян әрине қымбаттау түсіру.
Бірақ дегенмен әр кезде әрқалай келісеміз. Кейде 50 де 50 жасаймыз. Мысалы әнді да жазған кезде, барлық қаражатты бірдей бөліп елу пайызын.
Шоу-бизнесте екінші Қапқарашка атанып үлгерген Райымбек, тырнақ алды туындысын жеке шығарудан жасқанғанын жасырмайды. Өнерпаздың бар мақсаты – өзгелерден ерекшелену.
Райымбек Сатыбалды, әнші:
- Қазір көп қой енді неше түрлі әншілер, солардан бір кішкене ерекшеленейік деп. Енді кішкентай кезімімізден тыңдап өстік қой Нұржан ағаны, еліктедік кезінде. Содан кейін бір-бірімізді түсініп содан кейін әнге, вкустарымыз сәйкес келеді негізінде.
Ал, Нұржан мен Райымбектің еңбегіне жақын арада баға бере алатын боласыздар.