Айсара Бисенова, тілші:
- Қазақ киномотографиясының Алтын қорына енген «Біздің сүйікті дәрігер» картинасының жалғасы таспалануда! Жауапкершілігі мол бұл фильмді түсіру режиссер Асқар Бисембинге тапсырылды. Ал, жаңа лента қандай болмақ? Бұл сауалды киногерлердің өзіне қойып көрейік.
Бисембиннің басшылығымен, түсірілім алаңында 200-ден астам адам аянбай тер төгуде! Кадрда би билеген ақ халаттылар мен көңілді пациенттер. Барлығы бәз-баяғыша, сүйікті дәрігер – Николай Лавровты мерейтойымен құттықтамақшы.
Асқар Бисембин, режиссер:
- Асқар, Шәкен Айманов туындысының жалғасын түсіріп жатырсыз.
- Жалғасын түсіргенде көбісі салыстырып жатады. Жауапкершілігі мол іс. Қобалжып жатқан жоқсыз ба?
- Ұсыныс түскенде «Қалай? Шәкен Айманов? Қалайша түсіремін?» деген сауалдар туды. Кейіннен ойлана келе, өзімді қолға алып, іске кірістім.
- Көбісі естіп жатыр, сіз бұл туындыны түсіріп жатыр, таспалап жатыр деп. Көбісі таңқалып жатыр. Өйткені сіз коммерциялық комедия түсіресіз. Енді осындай киноны алып, түсіруге не себеп болды?
- Негізі маған мюзикл бұрыннан ұнайтын. Осы жанрда таспалау арманым еді. Оның үстіне бұл картина да комедиялық бағытта.
- Ал сіз актерлерден кімді шақырдыңыз?
- Көбінесе, жаңа есімдерді ашуға тырыстық. Біз үшін актерлардың ойынынан бөлек, олардың жақсы билеп, ән салуы маңызды болды. Сондықтан, осы басты критерий арқылы іріктедік.
Мұндай қатал талаптардан сүрінбей өткендердің бірі - Шәріп Серік. Актерге басты рөлдердің бірі бұйырған. Балет билеп жүрген төрт жыл уақытым бос кетпепті деп қуанады сері.
Шәріп Серік, актер:
– Мен үшін өте қорқынышы болып тұр, өйткені шынымен де исторический проект қой. Менің кейіпкерім – жас дәрігер. Клиникада жұмыс істейтін. Ары қарай ашып айтпай-ақ қояйын. Өйткені менің кейіпкерімнің историясы, линиясы сценарийді ашып жібереді.
– Жаңа режиссер айтып жатыр енді, актерларды таңдаған кезде міндетті түрде өлеңдерін айту керек, билеу керек деп. Енді сіз айтып берсеңіз өзіңіздің өнерлеріңізді?
- Енді, өлең жағынан керемет өлең айтамын деп айта алмаймын. Бірақ, мен бала кезде 4 жыл хореографиялық училищеде оқығанмын. Балет, жалпы классика билегенбіз. Қашан керек болады, қашан керек болады деп жүріп едім, енді міне, уақыт өте бұл өнерім маған керек болды.
Ал, негізгі кейіпкер Юрий Померанцев болса, бұл күні түсілім алаңынан табылмады. Есесіне, киногерлер арасынан каскадерларды да көзіміз шалды. «Номад станс» ұжымының басшысы Жайдарбек Күнғожиновтың асыл жары - Альфия да фильмде төбе көрсетпек.
Альфия Күнғожинова, каскадер, актриса:
– Менің білуімше, сіз көбінесе каскадер ретінде түсесіз киноларға. Ал, мынау жанр басқаша, мюзикл. Әсеріңіз қалай?
- Керемет. Себебі, бұл мен үшін үлкен тәжірибе. Кішкентайымнан хорегорафиямен айналысқам. Сосын, 20 жасымда каскадерлікке келгенде, биді ұмытуға келді. Енді, міне қайта оралдым.
Еске салсақ, лента «Біздің сүйікті дәрігер» картинасының 60 жылдығының құрметіне таспалануда! Фильм 2021 жылы көрерменге жол тартпақ.