Айсара Бисенова, жүргізуші:
- «Бұл өмірде», «Асыл жаным-ай» туындылары арқылы өз аудиториясын тапқан әнші Марсель бүгін өзінің алғашқы жеке концертін берді. Айта кету керек, сазгер бірінші ән кешіне «Уақыт» атты туындысының атауын алыпты. Астары қандай? Бірге білейік!
Ұйқысыз түндер, қобалжу, дамылсыз дайындықтар! Бұл кез-келген жеке кешін бермекке ниеттенген әншінің бастан өткерер қиындықтары. Марсель де бүгін осы ауыр жүкті мойнына арқалады.
Қазақ шоу бизнесінің көшіне, сонау 2003 жылы қосылған сазгер әрі әнші Марсель бүгін тұңғыш рет өзінің жеке кешін Алматыда дүркіретіп атап өтті. Тыңдармандары оны сапалы әуендері үшін сүйіп тыңдап, әріптестері «фирмач» атап кеткен-ді.
Марсель, әнші, сазгер:
- Жалпы фирмач әншілер батыстың әншілерін тыңдап шабыт алады дейді. Ал сіз кімді тыңдайсыз?
- Фирмач, как мне нравится это слово! Енді бәріміз фирмач, фирмач дейміз. Ол музыкалық жаргонда. Откуда появился в народе я не знаю, но фирмач деп біз Американың жұлдыздарын ойлаймыз.
- Қазақстандық эстрадада кімді фирмач деп айтатын едіңіз.
- «JSC» деп айтатын едім.
- Көріп тұрмын. Тағы кімді айтатын едіңіз?
- Рүстем Нұржігіт, казахский Брайн Макнайт, группа 101.
Одан бөлек, әуезді әндерін әуелеткендер қатырында - Айқын Төлепберген, Дастан Оразбеков, Сырымтай Еңсепов, Кентал болды. Ал, кештің бас қонағы Ресейден арнайы жеткен – Доминик Джокер.
- Осы біздің гримерка сияқты. Қараңдар, біз кімге келдік, Доминик Джокер!
Айсара Бисенова, жүргізуші:
- Көбісі айтып жатады Марсель фирмач әнші деп. Бірақ, фирмач әншілер көп ақша таппайды. Олар назарын шығармашылыққа, өнерге аударады.
Доминик Джокер, әнші: (Ресей)
- Біз, о бастан, өз тыңдарманымызды тек сапалы әуенмен тәрбиелеп алғанбыз. Солар жеке концерт, жеке кештерге келеді ғой, содан түседі. Бірақ, біз ақша, атақ қуаламаймыз.
- Біздің басқа да әншілерді білетін шығарсыз. Димаш Құдайберген, Ержан Максимов. Марсельді сондай деңгейге жете алады деп ойлайсыз ба?
- Әрине, сөзсіз сіздердің көп әншілеріңізді танимыз. Әр қайсысы жеке тұлға. Марсель ешқайсысынан кем түсіп тұрғаны жоқ. Фирмач танымал жеке тұлға! Сөздің шыны керек, қазір біз қазақтардан заманауи музыканы асыға күтетін болдық.
16 жылда шығарған туындыларын Марсель жанды дауыста орындады. Айта кету керек, осы аралықта әншінің артынан бір қаңқу сөз еріп, басы дауға қалған емес. Себебі, жеке өмірін құпия ұстайды.
Марсель Әлсейітов, әнші, сазгер
- Жеке өміріңіз туралы неге айтпайсыз, құпия ретінде ұстап жүресіз?
Уақытысы келгенде айтам. Уақытысы келеді сосын айтам. Әннің аты уақыт, сосын уақыт келді менің жеке концерт беретін уақытым келді.