Дидар Кәден, әнші, продюсер:
- Көбінесе айтады, мынау енді не істерін білмей жүрген бала ғой. Киноға түсіп, жүргізіп, ән де айтып, анаяқта-мына жақта.
Әр істің басын шалғанымен, әншілікті де, актерлықты да шамшырағының жана қоймағанын Дидар Кәден мойындап отыр. Сондықтан, шәкірт тәрбиелеуде өз-өзін сынап көрмек. Алайда, ел сөзінен қаймыққан өнер иесі өзін «продюсер» атаудан аулақ. Бар болғаны, інілеріме ағалық кеңесіммен көмектесемін деген ол, су жаңа тобының тұсауын кесті.
«Capella» тобы:
- Біздің топ «Capella» 5 жігіттен құралған. Қазақ эстарадасында ең жарық жұлдыз ретінде «Capella» атын алдық. Ол негізінде ағылшын тілінен аударғанда, ең жарық жұлдыз екен.
Ал, ұжымның бағы жанады ма, жоқ па ол тікелей Дидарға байланысты. Себебі, ол жігіттермен келісім шарт жасасып, істі бастап кеткен. Бүгінде топ, бірнеше ән жазып та үлгерген.
«Capella» тобы:
-Біздің қазір қоржынымызда 3 ән бар. Алла қаласа, жақын арада халықпен жүздеседі. Алдағы уақытта өз стилімізде, өз бағытымызда жаңа әндер көптеп жазатын боламыз.
Мұндай репертуарды әзірлеуге қомақты қаржы керектігі жасырын емес. Кәден мырза, өз кезегінде топтың ақша мәселесін де шешіп жатқан көрінеді.
Дидар Кәден, әнші, продюсер:
- Мен жүргізушілік қызметті атқарамын. Көбінесе табыс көзі сол менде. Жігіттер менімен бірге бөлек-бөлек шығып тойларда ән айтып жүрді. Бір ағаларымыз ұнатып, қолдау көрсетті. Алғашқы ақшаларын осы ағаларымыз көмектесті.
Олай болса, «Капелла» тобына сәттілік дейміз. Ал, Дидардың өзі болса, жарты жыл бұрын, сахнадан мүлде кеткенін айтқан еді. Дегенмен, бұл әншілік мансабымның түбейгейлі түгескенінің белгісі емес дейді.
Дидар Кәден, әнші, продюсер:
- Қатты бір атақты болып, хит жазу ондай болған жоқ. Өзімнің тыңдармандарымды тауып әндер жаздым. Ұзақ ойландым, әншілікті қоямын ба деп. Бірақ, орыстарда жақсы сөз бар ғой, «бывших не бывает» деп. Жібермейді екен шынымен де.