Нұрсұлтан Есжан, тілші:
- Нұртас Адамбай, көптің көзайымына айналған “Сабина келін» картинасының үшінші бөлімін ел назарына ұсынбақ! Дәл қазір, фильмнің ең соңғы сахнасы таспалануда! Режиссер бұл жолы көрерменді қалай таңқалтпақ?
«Сабина келін» картинасының соңғы нүктесі сауда орталықтарының бірінде қойылды. Киногерлер, жұмысқа бар ынтасымен кіріскені соншалық, қоғамдық орындағы халықтың көптігіне де назар аударар емес. Десе де, тығыз кестеге қарамастан, режиссер Нұртас Адамбай сұхбатқа уақыт таба білді.
Нұртас Адамбай, режиссер:
- Біз бүкіл картинаны 16 күнде таспаладық.
- Сапасына әсер етпейма ол? Бұған дейінгі бөлімдері, «Келінка Сабинаның» қанша күнде таспаланып еді?
- Бірінші Сабинаны 16 күнде, екіншісін 17-күнде таспаладық.
- 16 деген сүйікті саныңыз сияқтығой.
- Солай шығар иә.
- Несімен ерекшеленеді үшінші бөлім?
- Әзірге ол құпия. Сюжетті ашып айтқымыз келмейді. Бірақ Сабинаның жаңа хикаялары өте қызық болады.
– Біз осында түсірлімге келе жатқанда сіз айттыңыз, сіз образ туралы айтпаймыз деп. Образ демек өзгеріп жатыр ғой?
- Иә, өзгерістер бар.
– Актерлар құрамы да, біраз өзгерген.
- Жаңа актерлар бар бізде.
- Бұрынғы актерлар қайда?
- Бұрынғы кейіпкерлерді жаңа адамдармен толықтыруды жөн көрдік.
Бәз баяғы Сабина келін мен оның құрбысы Алтыншаш әлі де бас кейіпкерлер. Ал, бұл бөлімдегі «жаңа адам» деп, Нұртастың меңзегені Баян Алагөзова. Продюсер де фильмде төбе көрсетпек.
Баян Алагөзова, продюсер:
– Нұртас Адамбайдың фильмінде, яғни «Келінка Сабинада» сіз ойнап жатырсыз. Қандай рөл? Нұрекеңмен жұмыс істеген қалай, ұнап жатыр ма?
- Енді біз Нұртаспен бұрыннан өте жақсы достармыз. Бір-біріміздің жобаларымызды қолдауға әрдайым дайынбыз. Сондықтан, ол маған хабарласып өтініш білдіргенде бетін қайтара алмадым. Мені олар ұзақ күтті. Көріп отырғандарыңыздай, сәті тек бүгін туды. Кинода өз-өзімді ойнаймын. Қысқа ғана рөл.
- Гонарар жоқ? Әлде бар ма?
- Жоқ әрине. Біз бір-біріміздің фильмдерімізде тегін түсеміз.
Осылайша, тамыр-таныстың көмегімен таспаланып жатқан Адамбайдың су жаңа лентасы келесі жылы жарық көрмек.
Нұртас Адамбай, режиссер:
– Фильмнің тұсаукесерін сіз жаңа жылға қойғыңыз келді. Одан кейін шегердіңіз. Неге?
- Жаңа жылға үлгермей жатырмыз. Мереке қарсаңында ұсынғымыз келгені рас, бірақ үлгермедік. Сондықтан, премьераны 2020 жылдың қаңтар айына жоспарлап отырмыз.
– Бәсекеден қорыққан жоқсызба, жаңа жыл алдындағы. «Бизнес по-казахский» бар Қоянбаевтың. Одан кейін Құралайдың «Ва-банк» фильмі бар.
- Иә, дұрыс айтасың. Бірақ, көріп отырғаныңдай тек бүгін түсірілімді аяқтамақпыз, қалай тырыссақ та үлгермейміз. Пост продакш бар дегендей.
Олай болса, Нұртас Адамбайдан кезекті комедияны күтудеміз! Ал, фильмнің бағасын көрерменнің өзі уақытысы келгенде бере жатар. Тұсаукесер 2020 жылдың 30-шы қаңтарына жоспарланып отыр.