Тимати мен L’one бірігіп ұсынған бейнебаяндардың әрбірі YouTube видеохостингінде 25 миллионға жете қабыл қаралым жинаған. Олар жеті жыл бойы бір лейбл астында, ортақ мүдде үшін іс атқарды. Бүгінде, қос өнерпаз – ат құйрығын мүлде үзіскен қас жау!
L’one «Black Star» -дан кеткеннен кейін Тиматиді һәм лейблдің өзге де басшыларын сотқа бергенді. Сахналық аты мен репертуарын қайтарып беруді өтініп, құзіретті органға арыз түсірген. 8-ші қазанда «Фемида» қызметкерлері шешім шығарды. Нәтижесінде, L’one -ның бірде-бір шағымы қанағаттандырылмады.
Әділдік «Black Star» жағында болған соң, Тиматиге «қанат біткендей». Осы уақытқа дейін сақтаған үнсіздігін бұзып, экс-әріптесіне инстаграм арқылы жауап қатты. Айтуынша, бауырындай көрген жанның сатқындығы арқасына аяздай батқан.
Бірге жұмыс істегенде шағым айтпай, лейблден кеткен соң түрлі қауесетті қарша боратқаны үшін Тимати L’one -ға өкпелі екенін ашық айтты. Барлық ренішін бір постқа сыйғызып, туған күнімен құттықтауды да ұмыт қалдырмады.
Өз өміріңді сүр де, менің өміріме араласпа! Мен үшін бұл парақ әлдеқашан жабылған. Саған сәттілік тілеймін және туған күніңмен!
Көпшілік бұл құттықтауды L’one -ның жарасына тұз сепкенмен тең болды деп пікір білдірді.