Димаш Құдайберген, Назима, Jah Khalib ізімен! Қайрат Түнтеков шетелге кетіп, жаһандық ауторияны бағындырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

- Мен шындықты айтатын адаммын.

- 100 пайыз шындықты айтасыз ба?

- 100 пайыз, иә.

- Онда бүгінгі сұхбатымызда сізбен 100 пайыз шынайы болады деп ойлаймын. Тек қана шындықты айтасыз деген ойдамын.

- Пук, иә.

- Ол не болды қазір?

- Көзді ашайық дегенім ғой.

- Эмоцияңызды білідіріп жатсыз ба? Сіз кімнің көзін аша алмай жүрсіз?

- Халықтың.

«Жігіттің екі сөйлегені өлгені» - деп, көптен бері төбе көрсетпей кеткен Қайрат Түнтековты осылайша қыспаққа алған едік. Сонымен, бұл жолы жезтаңдай әнші қайда кетті?

Қайрат Түнтеков, әнші:

- Хайпқа жоқпын, пиарға жоқпын. Өзімнің сәтім келеді, сол сәтіммен жүремін. Сәтім келмесе, тыныш жүрем болды.

- Ол қандай сәт болу керек?

- Кезінде французский ән шықты, жарды ғой. Үлкен кісілер телефондарына жазып алды ғой, сол сияқты да.

Қайрат сәті туып жатса, сахнаға оралу мүмкіндігін жібермейтінін айтады. Тек, бұл жолы жерлесі Назима, Димаш Құдайберген, Джах Калиб сынды әуелі шетелді бағындырсам дейді.

Қайрат Түнтеков, әнші:

- Мен шетелге барам, шетел жақтан көрінгім келеді. Мен тек халық үшін жұмыс істеп жатқаннан кейін, Қазақстанның атын шығарғым келіп жатыр да.

Әдеттегідей уәдесін үйіп-төгіп, ізім-ғайып жоғалып кетпесе болғаны. Себебі, Қайраттың өзін де, әнін де сағынғандар жетерлік.

Қайрат Түнтеков, әнші:

- «Сағындым мен». Сол сияқты әндерді, құлаққа жағымды әндерді арнау керек. Сондықтан, менде ойда бар. Бірінші, жаңағыдай басқа өңірлерден бастаймын. Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстік сосын әрине Астанамызда, Алматымызда.

Егер жеке концертін беріп жатса, жоғарыда аталғандай Республикамыздың түкпір-түкпіріннен бастамақ. Әзірге туған жері шырайлы Шымкенттен шыға алмай жүр. Оны көпшілік отбасын құруымен байланыстырады.

Қайрат Түнтеков, әнші:

- Жуырда ғаламторда сіздің шаңырақ көтергеніңіз туралы ақпарат тараған еді. Сол рас па? Үйленді дейді.

-Жоқ.

-Енді сұрбойдақ екенсіз, қашан үйленесіз?

-Көреміз

Қайрат Түнтековтің жеке өмірі жайлы сұраққа кірпідей жиырылатынына журналисттер қауымы бой үйреткенбіз. Ол өмірін жеті қат сандықта сақтағысы келеді.