Альбина Асхатқызы, тілші:
- Қазақ шоу бизнесінің «Леди Гагасы» атанған Айжан Нұрмағамбетова осыдан 20 жыл бұрын өзінің мерейтойлық концертіне дайындалып жүрген жерінен ірі жол апатына ұшыраған еді. Салдарынан әнші бір жарым жылға жуық төсек тартып қалады. Содан бері Айжан ханым бірде бір жұмысын арнайы жоспарлаған емес. Дегенмен, бүгін оңтүстік астанамыз Алматы орналасқан Студенттер сарайында арнайы концерті, 40 жылдық мерейтойын атап өтті.
Өмір мен өнер жолындағы тәтті естеліктері! Жадында жаңғырған жарқын сәттері! Айжан Нұрмағанбетова театр мен эстрада жанрлары тоғысқан мюзиклына дәл осы тақырыпты арқау еткен. Сахнадағы 40 жылдық есеп беру кешіне Карина Сәрсенова пьеса жазса, сәнгер Сергей Шабунин костюм суретшісі болған. Дегенмен, әнші бұл жолы эпатажды образдарынан гөрі, концерттің мазмұнына аса мән беріпті.
Альбина Асхатқызы, тілші:
- Бүгін мен эпатажды образ күткен едім, болған жоқ.
Айжан Нұрмағамбетова, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
- Бүгін басқаша концерт болды ғой. Концерт-мюзикл болды. Мен тек қана әнші емес, актер ретінде балалар үшін благотворительный деп айтады ғой. Сондай кісі ретінде шықтым сахнаға.
Қайырымдылық концертке шақырылған көрерменнің басым бөлігі – жетімдер үйінің тәрбиеленушілері. Халық мюзиклді табжылмастан қарап, кеш соңында алғыстарын жаудырумен болды.
Айжан Нұрмағамбетова, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
- Неге Студенттер сарайы, неге Республика сарайы емес?
- Сондай болып қалды. Енді неее... ол деген мюзикл ғой. Баршаңызға ұнаймын деп есептеймін. Бұл менің есебім ғой.
Айжан Нұрмағамбетова «Періштенің оянауы» атты бұл шараға бір-ақ ай дайындалғанын айтады. Барлығына өткеннен қалған таңба себеп...
Айжан Нұрмағамбетова, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
- Осыдан жиырма жыл бұрын өзіңіздің осындай мерейтойыңызға дайындалып жатқан кезіңізде жол апатына ұшыраған едіңіз. Содан кейін жоспарламайтыныңызды білем. Осы жолы жүрексінген жоқсыз ба, қорыққан жоқсыз ба?
- Қорықтым. Мен айқайлап жүрген жоқпын, істеп жатырмын деп. Жұмысты бітіргеннен кейін бірақ уақыт аз болды.
Ақырын жүріп, анық басатын Айжан ханымды демеуге арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан Маржан Арапбаева, шырайлы Шымкенттен Қайрат Түнтеков келді.
Маржан Арапбаева, әнші:
- Егерде жаңағы мына жағы корсет болып шықсаңыз ешкім таң қалмайды. Ал сол заманда Айжан ханым көрермендерін сөйтіп қуантқан, таң қалдырған, әлі күнге дейін таң қалдырып келе жатыр. Иә, бүгінгі концерт ерекше болады, ол жағынан да.
Бұл жолы да Айжан Нұрмағамбетова өз тыңдарманын таңдай қақтыра алды. Пайғамбар жасында мюзикл қойып, екі сағат бойы сахнадан түспеді.
Мерейтойлық мюзикл, көрермен тарапынан қолдау тауып жатса, жалғасы Республика сарайында өтуі мүмкін.