Дженнифер Лопестің басы дауға қалды. Америкалық әнші, әрі актрисаны папарацци сотқа беруде. Айтуларынша, өнер иесі АҚШ-тың белгілі порталдарының бірі түсірген фотоны рұқсатсыз пайдаланған.
2017 жылы жасалған дәл осы суретте Джей Ло мен оның сүйіктісі Алекс Родригестің қыдырып жүрген сәттері бейнеленген. Енді, танымал басылым, әншіден 150 мың доллар көлемінде айыппұл талап етуде.
Ариана Гранде де «Forever 21» брендімен соттаспақ. Өнерпаз ару
Калифорнияның құзырлы органдарына арыз түсіріп те үлгенген. Әншінің айтуынша, әуел баста қос тарап, жарнамалық келісімшартқа отырмақ болады. Алайда Гранденің қаламақысын көп көрген сән үйі, Ариананың фотосын рұқсатсыз қолданған.
«Hollywood Reporter»-дің мәлімдеуінше, әншіге бұл жанжал 10 млн АҚШ доллар пайда әкелуі мүмкін.
Кайли мен уақытша қарым-қатынасын үзген Трэвис Скотт сүйіктісімен не үшін ажырасқанын ашып айтты. Рэпер бұл мәселені су жаңа трегіне арқау етті.
Туындының мәтіне қарағанда, қос жұлдыздың айрылысуына Трэвистің шығармашылығы себеп болған. «Мен гастрольге кетіп барамын, жақында ораламын. Алайда бұл сөздерді ол естігісі келмейді». Дәл осылай хип-хоп орындаушы су жаңа әнінде шырқайды.