Күзде тіршілік атаулысы түгелдей қысқа қамданады. Мәселен, Сәкен Жақсыбаев fashion-өндірісте ғана емес, тосап қайнатып, қияр жабудан да шебер.
Сәкен Жақсыбаев, дизайнер
- Жылда міндетті түрде банка жабамын. Себебі, қыстың күні үйде ас әзірлеп, қолдан тұздалған қиярларымды жеуді жаным сүйеді.
Сәнгер банка бастыруға тығыз кестесінен арнайы бір күнді белгілейді. Барлық кездесулерін кейінге шегеріп, көкөністерді базардан өзі арқалап алып келеді екен.
Сәкен Жақсыбаев, дизайнер
-Базарға барып, өзімізде өскен, таза піскен қияр мен қызанақтарды таңдап, сұрыптап алып келемін. Дәмі ерекше болады.
Экс-кешьюлық Жұлдыз Өмірғали былтырғыдай дайындығының жоқтығын жасырмайды. Себебі, екі баламен қияр-қызанақ тұздау қиынға түседі. Оның үстіне, еңбегім еш кеткен кездер де болды деп қапаланды.
Жұлдыз Өмірғали, әнші
- Биыл мен...алдыңғы жылы күшімді көп салып қойдым ба онша желінбеді. Биыл тек қана варенье жабамын, варенье ғана жейміз.
Жары Айқын Төлепберген тұздалған өнімді аса жақтыра бермейді екен. Сондықтан былтырғы тәжірибесіне сүйене отырып, биылғы қысқа дайындалмапты.
Жұлдыз Өмірғали, әнші
-Бізде көбінесе ондай ашылғанымен, Айқын гастрольде көп жүреді, менің өзім ондай жемеймін. Балаларым да, Санжар да ондайды жақтырмайды. Сондықтан ойлап отырмын, 20 шақты банка жауып қоятын шығармын.
Ал. бір топтан түлеп ұшқан Ақбота Нұрмағамбет болса қыстың дайындығына мүлдем бас қатырмайда екен. Өнерінен қолы босамайтын әншінің үйінде арнайы көмекшілері бар.
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет, әнші
- Қысқа білмеймін. Менде қысқа әлі дайындық жоқ.
Дәурен: Больше творческая подготовка, это как в кино.
Ақбота: Үйде көмекшілеріміз бар, өзі арнайы барлығын жасайды. Жабатын вареньясын, салаттарын дайындап қояды. Енді қысқа аса бір дайындалдым деп айта алмаймын.
Байқағандай әзілкеш Дәурен Айдарқұловтың та оны талап етіп отырғаны шамалы. Отағасы Ақботаны үйдің тірлігінен гөрі, шығармашылығына мән берсе дейді.