Q-fest-тің тосын сыйы мұнымен шектелмейді! Кештің басты жаңалығы –A.Z.-дің дебюты болды! Концертке жиналған иглз, рэперді жеке орындаушы ретінде сахнада жалғыз көреміз деп, еш ойламағанды.
Ал, Найнти уандық мембердің дебютына қатысты, топ продюсерінің өз айтары бар.
Ерболат Беделхан, продюсер:
- Мүмкін созылады, мүмкін жылдам болады. Содықтан, қазір толық алып айта алмаймын. Бірақ жоспар бар, осыдан бір жыл бұрын айтқанмын. Барлығы соған келе жатыр, ақырын-ақырын-ақырын.
Есесіне, жігіттердің өздері жеке орындаушы атануға әлі асықпайтын сыңайлы. Мемберлер үшін топтық бүгінгі жетістігі әлдеқайда маңыздырақ.
«Ninety one» тобы:
- Иә, биыл кәдімгідей ассоциация бар, биыл кәдімгідей ресми тұрғыда дэмо емес, және де кью-поп Қазақстан сыртына шығып кетті. Яғни, тек қана әуен контент ретінде ғана емес, жалпы әртістердің дамуы ретінде, қауымдастық ретінде кью-поп толқынында жүрген әртістер ретінде Қазақстан сыртына шығып кетті. Ол да бір үлкен жетістік.
Одан бөлек, Ninety one -дықтар енді еліміздің сахнасын місе тұтпақ емес. Мақсат үлкен, міндет көп.
«Ninety one» тобы:
– Бұдан кейін әрі қарай да, шетелге шығамыз дейсіздер, мақсат осы яғни?
– Әрине, бұдан да әрі қарай шетелге шығамыз. Жақында ғана Индиядан бір интервью сұраған болатын, қалай біз осы жақта жүріп кью-поп әртіс бола аламыз деп. Біз оларға кішігірім сол сауалнамада кішкене бір әңгіме айтқан болатынбыз. Яғни ол мүмкін деген сияқты.
– Қалай енді баруға болады?
– Удостоверения керек, удостоверениенің копиясы керек, РНН, СИК керек, спаравка 086 міндетті түрде, Алматының поликлиникаларынан желательно, бары сол.
– Олай болса, рахмет, мен де құжат жинап көрейін.
– Иә, жинап келіңіз, сәттілік.