Ғаламтордың құдіреті! Анастасия Ивлеева жүргізетін «Agent Show» YouTube жобасы, Лера Кудрявцева мен Максим Галкиннің Ресейлік телеарналардағы ең рейтингті шоуларын шаң қаптырды. «Прайм-таймның үздік ойын-сауықтық бағдарламасы», «Прайм-таймның үздік ток-шоу жүргізушісі» аталымдары бойынша Настя оқ бойы озық шықты.
Бір қызығы жеңімпазды хабарлауға Настяның дәл осы номинациядағы бәсекелесі Лера Кудрявцеваның өзі таңдалған. Қолындағы конвертті ашпай тұрып, жеңілісін іші білгендей, әуелі өзі жүргізетін «Секрет на миллион шоуын» жер-көкке сыйғызбай мақтай жөнелді. Жомарттықтары жайлы айтуды да ұмытпады.
Лера Кудрявцева – тележүргізуші
– Осы күнге дейін, жетімдер үйі мен ауруханаларға 25 миллион рубль жіберіп үлгердік. Меніңше, қайрымдылық жолындағы ісіміз мына бір жапырақ қағаздан әлде қайда артық.
Дегенмен, Ивлеева ханымның өзі мүсіншені салтанатты қабылдап алуға келе алмады. Себебі, дәл қазір олар Элджеймен Жапонияда бал айларын өткізіп жатыр.
Бұл жәйт – Ресейлік телеарна қызметкерлерін ұлықтайтын дәстүрлі Тэфи – 2019 шарасы аясында орын алды. Күндізгі эфир мен кешкі прайм-таймда шығатын үздік жобаларға «Орфей» қола мүсіншелері үлестірілді. Кештің триумфаторы - «Пятница» арнасы. 14 аталым бойынша сынға түсіп, тең жартысын, яки 7 мүсіншені қанжығаларына байлап қайтты. Ал, бірінші арнаның төл туындысы «Что? Где? Когда?» бағдарламасы осымен жетінші рет «Үздік телеойын» тағына ешкімді жолатпай келе жатыр.
Бірінші арнаның тағы бір триумфы «Вечерний Ургант» жобасы. Дегенмен, Ваняның өзі мүсінше еншілеуге келген жоқ. Есісіне, жұбайы – Паулина Андреевасыз болса да, Федор Бондарчук төбе көрсетіп, "Интервьюер" аталымында үздік шыққаны үшін табысталған мүсіншесін қабыл алды. Бұл атақ «Кино в деталях» жобасындағы еңбегі үшін берілген болатын.
Федор Бондарчук – актер, продюсер
– Бұл марапатты 15 жыл күттім. Қазан айында «Кино в деталях» жобасы 15 жылдығын тойлайды. Тек бір өкініш бар. Марқұм болып кеткен киногерлерден сұқбат алып үлгермедім.