Өнерін бір сәтке болса да ысырып, қолына қалам алған шоу-бизнес өкілдері жетерлік! Бұл көшті Баян бастайды. Атышулы продюсер бүкіл ғұмырын бүкпесіз баяндап, бір мемуарға сидырғанды. Кейіннен кітап, 2018-ші жылдың бестселлері атанды. Бірақ бұл жетістігіне қарамастан, Алагөзова жазушы атануға асықпайды.
Баян Алагөзова, продюсер:
- Идея жоқ! Келесі кітап болса, алпысқа келсем бұйырса жазамын, иә!
Ләйлә Сұлтанқызының да тырнақалды туындысы - өзі жайлы жазған «Менің екінші кітабым». Кейіннен тележүргізуші қазақ аруларының сан түрлі тағдырын «Әйел» атты еңбегіне негіз етті. Бұл басылым да, өз кезінде елеусіз қалмады.
Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
- Бір айдың ішінде, біз бес мың данамен шығарсақ, жартысына жуық өтті ғой деймін қателеспесем.
Сұлтанқызы кітап жазған жалғыз журналист емес. Оның әріптесі Бибігүл Дәулетбекқызы болса, «Альфонс жігіттің тағдыры» туралы қалам тербегенді.
Еңбек, сатылымы жағынан топ жармаса да, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Шығарманың тақырыбы халықтың құлағына түрпідей тисе керек.
Бибігүл Дәулетбекқызы, журналист:
- Сөйтсек, ол жігіттен менің құрбым ғана емес, көптеген осы Қазақстанда бірнеше қыздар алданып қалған да. Бір қызығы жігіттің үстінен арыз жазыңдар деп жатырмын ғой. Ешқандай қыз жазбайды. Жоқ, қайтеміз. Біреуі ұл туып алған, біреуі қыз туып алған.
Тағы бір журналист Дана Орманбаеваның «Мы не ругаем детей» кітабы қоғамға пайдасын тигізуде. Тәжірибелі ананың бала тәрбиесіндегі кеңесімен бөліскен еңбегі, өзге ата-ана үшін құнды шығарма.
Ал, болашақта жұлдызды жазушылардың саны көбейе түссе еш таңқалмаңыз. Себебі, бүгінде кітаптың авторы атануға бекініп отырған өнер өкілдері аз емес.
Нұрлан Батыров, режиссёр, актёр:
- Жуырда «Дневник безумной женщины» кітабын шығармақпыз. Бұл әр түрлі әйелдердің күлкілі әңгімелерінен құралған жинақ болады.
Динара Сәтжан, тележүргізуші, бизнес-вумен:
- Мен 10 кәсіпкер әйелдер туралы жазамын. Алматыда 5 әйелден сұхбат алдым. Оның ішінде Санди Бексырға, Лилия Рах, Аида Кауменова, Қарашаш Джузеева. Мен өзім де бармын.