Он жылдан астам тарихы бар «Mysterions» ұжымы да, жас әншілерден қалмақ емес. Бойзбенд камбэк әзірлеп, үлкен сахнаны қайта бағындыруға дайын.
«Mysterions» тобы:
-«Mysterions» тобының ең соңғы жаңалықтары, ол біз жаңа ән жазып жатырмыз регги стилінде. Жанры – регги. Әрине қазақ тілінде, хит деп ойлаймын. Біз өте сирек шығарамыз да, тек қана хит шығарамыз.
«Mysterions» тыңдармандарына тың туындыларын жиі ұсынбаса да, хитке айналған ескі әндерін әлі күнге дейін орындап жүр. Жігіттер өздеріне деген сұраныстың азаймайтынын айтады. Алайда ұжым мүшелері топтың шығармашылығына уақыт тапшы деп отыр.
«Mysterions» тобы:
- Көбісі ойлайтын шығар, «Mysterions» тобы жоқ болып кетті деп. Уақыттары жоқ шығар. Екіншісімен келісемін уақыттарымыз жоқ. Өйткені әр қайсысымыз личныймыз дейді ғой. Арманда өздерінің проекті бар, дуэт бар. Ильяста бизнес жағында проекттері бар. Мен киноға түсіп жатырмын.
Ия, бүгінде Арман продюсер, Ильяс бизнесмен, ал Дильен болса актерлық қырынан танылуда. Өзге салаға бет бұрған «Mysterions»-тық серілер, топты ұмыт қалдырмау бүгінгі мақсатымыз дейді.
«Mysterions» тобы:
-Қайтадан камбэк жасау керек. Қайтадан ату керек. Бірақ ол қатты қиын емес біз үшін. 1-2 ән біз қайта ораламыз. Ол тек әнге байланысты. Ол бейнебаянға да байланысты емес, бізге де байланысты емес. Жұмысқа да байланысты емес. Бір ән хит болсын болды. Қайтадан Мистерионс туралы сөйлейді.
Бойзбенд жуырда жарық көретін жаңа тректері көпшіліктің көңілінен шықса, бейнебаян да таспалаймыз деп уәде берді.