Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші: @nursultan_yeszhan
-Сапасыз сценарий, әлсіз актерлық ойын немесе ақсап тұрған режиссерлік жұмыс әлде қомақты бюджет. Отандық киноның «Оскар» мен Канн кинофестивальдерінде топ жаратындай қауқары неге жоқ? Қазақ фильміне жалпы не жетіспейді? Бұл сұрақты киногерлердің өзіне қойып көрдік...
Отандық картиналар күн санап артпаса, кемімек емес. Мәселен, елімізде өткен жылдың өзінде 44 фильм жарық көріп, өзіндік рекорд орнатқан еді. Ленталардың басым бөлігі – комедия жанрында таспаланған.
Продюсерлердің айтуынша, комедия көрермен сұранысы. Бұған қоса, режиссерлар үшін қалтаны қалыңдатудың жеңіл тәсілі. Саны көп, сапасы жоқ туындылар киногерлерді алаңдатпай қоймайды.
Жандос Айбасов, актер:
-Қазақ фильміне не жетіспейді?
- Қазақ фильміне жастар жетіспейді. Жас режиссерлар, жас продюсерлер, жас операторлар жетіспейді.
- Демек, айтпағың жаңа көзқарас керек?
- Ия.
Еркебұлан Дайыров, актер:
- Бізде бәрі бар. Тек еңбек қана жетіспейді.
- Жандос айтты, бізге жаңа көзқарас жетіспейді дейді, жастар жетіспейді дейді. Оған қалай қарайсың?
- Оның өзі біздің жастардың да уақыты жәймен келе жатыр. Оған асығудың керегі жоқ. Әр нәрсе өз кезегімен, өз ретімен болады деп ойлаймын. Сондықтан бізге ең негізгі, жетіспейтін нәрсе қәзір, неғұрлым көбірек еңбек ету. Кішкене адалдық жетіспейді.
Еркебұлан Дайыров бүгінде кастингсіз киноға таңдалатын актерлардың көптігін де тілге тиек етті. Бұл мәселеге режиссерлар салғырттық танытпаса деген тілегі де бар.
Жандос Айбасов, актер:
- Көбінесе, менің ойымша, қазақ кино өндірісінде кассаға көп көңіл бөлініп кететін сияқты, комедияны жиі түсіреміз себебі. Кассаны да жақсы жинайтын, және фестивальдерде оқ бойы оза шабатын фильмдер неге түсірмейміз?
- Өйткені, 70 пайыз жеке компаниялар түсіреді киноны бізде Қазақстанда. Сондықтан көбісі комедия түсіреді, кассовый кино түсіреді.
-Соңғы сын көтермейтін, әлсіз түсірілген фильм сен үшін? Қазақстандық, отандық?
-Әлсіз?
-Ия, нашар шыққан, сәтсіз?
- Менің ойымша бір жылда 20 пайыз Қазақстандағы киноның бәрі жаман кино деп есептеймін.
Әділ Ахмет, актер:
- Ресей киноөндірісі және әлем, ол әрине Голливуд. Салыстырып қарайтын болсақ? Салыстыруға да келмейтін шығар.
-Неге? Салыстыруға келеді. Бізде де жақсы керемет фильмдер шығып жатыр. Көрерменнің көңілінен шығатын кинолар дейміз ғой ондай киноларымыз да көп. Фестивальдерде жүлде алып жатқан.
-Мысалы, қай фильмдер, қай фестивальдерде жүлде алып жатыр?
-Мысалы, енді өзім түскен кинолардың ішінен алғанда, «Анаға апарар жол» көптеген фестивальдерде, басты орынды алды. Сонымен қатар, АҚШ-та жеті штатында прокатқа шықты. Оның өзі үлкен жетістік.
Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи туындысында басты рөлді сомдаған Әділ Ахметтің айтуынша көрермен мен киносарапшылардың көңілінен шыққан картиналар жетерлік.